1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «AMANAT» партиясы Кентау қалалық филиалында мерекелік іс-шара өтті. Іс-шараға облыстық мәслихат депутаты Қалыйма Жантөреева қатысып, балаларды мерекемен құттықтады.
Шара барысында әлеуметтік әлсіз топтарға жататын отбасылардың балаларына «AMANAT» партиясы атынан сый-сияпаттар табыс етілді. Балалар үшін арнайы ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылып, олардың қуанышына себеп болатын түрлі шығармашылық және танымдық іс-шаралар өтті.
Қалыйма Жантөреева өз сөзінде балалардың бақытты, алаңсыз өсуі – қоғамның басты парызы екенін атап өтті:
– Әрбір баланың қуанышты сәті, тыныш ұйқысы, алаңсыз күлкісі – біз үшін ең үлкен құндылық. «AMANAT» партиясының басты мақсаты – әр қазақстандық отбасының бақуатты өмір сүруін қамтамасыз ету. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан «Бақытты отбасы» жобасы – қоғамда еріктілік пен қайырымдылықты қолдауға, отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған нақты қадам, – деді депутат.
Іс-шараға қатысқан ата-аналар мен балалар өз ризашылықтарын білдіріп, мұндай бастамалар жиі ұйымдастырылып тұрса деген ниеттерін жеткізді.



