gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентауда дін қызметкерлері арасында «Руханият барысы – 2025» қазақ күресі турнирі өтті

28 мая, 2025
in Жаңалықтар, Спорт
0
Кентауда дін қызметкерлері арасында «Руханият барысы – 2025» қазақ күресі турнирі өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласында «Руханият орталығының» құрылғанына 1 жыл толуына орай «Руханият барысы – 2025» атты қазақ күресінен турнир ұйымдастырылды. Шараның басты мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, ұлттық құндылықтарды ұлықтау, сондай-ақ жастарды қазақ күресі сияқты төл спортқа баулып, отансүйгіштік рухын қалыптастыру.

Турнирге Кентау қаласы мен ауылдық округтерінен келген дін қызметкерлері мен мешіт жамағаттары қатысты. Жалпы саны 26 балуан боз кілемде белдесті.

Жарыс нәтижесінде 1 орынды «Әмина» мешітінің имамы Жақсыбаев Анарбек жеңіп алса, 2 орын – Ащысай ауылының жамағаты Тауасаров Жасаралға бұйырды. Ал, 3 орынды «Әлі Бекен» мешітінің жамағаты Болысбеков Мұқағали иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар, арнайы дипломдар табыс етілді.

Бұл турнир дін қызметкерлерінің спорт арқылы бірігіп, ұлттық болмыс пен рухани тәрбие бағытындағы жұмысты жаңа деңгейде жалғастыруға серпін берді.

Previous Post

Ауыл шаруашығының өзекті мәселелері талқыланды

Next Post

Кентауда мешіт қызметкерлері мен имамдарға арналған семинар өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz

imunify-bot-check