gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан мектептеріне оқушыларды кәсіптік бағдарлауға арналған жаңа цифрлық құрал енгізілуде

19 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қазақстан мектептеріне оқушыларды кәсіптік бағдарлауға арналған жаңа цифрлық құрал енгізілуде
Share on FacebookShare on Twitter
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ-мен бірлесіп оқушыларға кәсіптік бағдар берудің «Оқушының қызығушылықтары мен дағдыларының икемді бейіні» (ОҚДИБ) цифрлық әдістемесін әзірледі, деп хабарлайды Оқу-ағарту министрлігі.
Аталған бастама болашақ кәсіпті ерте жастан саналы таңдауды қалыптастыруға бағытталған және 7-9 сынып оқушыларына арналған. Бұл әдістеме оқушыларға қызығушылықтарын айқындауға, қабілеттерін анықтауға және одан әрі даму үшін оңтайлы бағыттарды таңдауға көмектеседі.
Әзірлеме қазақстандық мазмұнға бейімделген және еліміз бойынша 10 мыңнан астам оқушы қатысқан сынақтан өткен.
«Бұл құрал университеттердің 400-ден астам бағдарламасы, колледждердің 200-ге жуық мамандығы мен жұмысшы кәсіптерін біріктіретін Мансап компасы цифрлық платформасына енгізілген. Платформа оқушылардың, педагогтердің және ата-аналардың жеке кабинеттеріне қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, бір цифрлық кеңістікте жүйелі кәсіптік бағдарлауды қамтамасыз етеді. Тест нәтижелері автоматты түрде өңделеді: оқушылар – жеке ақыл-кеңестер, педагогтер – заманауи сүйемелдеу құралдарын, ал ата-аналар – баланың даму сараптамасы мен динамикасы туралы ақпарат алады», – деп атап өтті Алтынсарин академиясының президенті Нәзипа Аюбаева.
Жоба жалпы білім беретін мектептерге заманауи, тұрақты және болашаққа бағдарланған кәсіптік бағдарлау жүйесін құруға жағдай жасап, әрбір балаға болашақ кәсіби жолын саналы таңдауға мүмкіндік берді.
Previous Post

Барлық рәсім ашық жүргізіліп жатыр – МКК өткізу пунктерін жаңғырту туралы айтты

Next Post

Кентауда қоғамдық тұрақтылық үшін түсіндіру жұмыстары жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz