gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Барлық рәсім ашық жүргізіліп жатыр – МКК өткізу пунктерін жаңғырту туралы айтты

19 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Барлық рәсім ашық жүргізіліп жатыр – МКК өткізу пунктерін жаңғырту туралы айтты
Share on FacebookShare on Twitter
Қазақстанда кедендік өткізу пунктерін жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Оның шеңберінде рәсімдердің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға бағытталған бірқатар түйінді шара іске асырылып жатыр. Атап айтқанда, өткізу пунктерінде көлік құралдарын жоғары дәлдікпен тексеруге мүмкіндік беретін заман талабына сай инспекциялық-тексеру кешендері орнатылады. Сондай-ақ электрондық кезек және алдын ала ақпараттандыру жүйесі енгізіліп жатыр. Бұл тасымалдаушыларға маршруттарды алдын ала жоспарлауға, күту уақытын азайтуға және шекарадан өтуді жеңілдетуге мүмкіндік береді. ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Бақытжан Слямов ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында жаңғыртудың қандай нәтиже беретіні туралы баяндады.
Спикердің айтуынша, кедендік және шекаралық бақылаудың интеграциялық аймақтары пысықталуда. Тасымалдаушылар мен азаматтардың ыңғайы жайлы мәселелерге ерекше назар аударылады.
«Барлық процедура, бұрынғыға қарағанда, әлдеқайда ашық болып, шекарада өткізілетін уақыт екі есеге жуық қысқарады. Мұны қазірдің өзінде іске қосылған 6 өткізу пункті көрсетіп отыр — кеден заңнамасын бұзбаған жағдайда өту уақыты 30 минутқа дейін қысқартылды. Біз әріптестерімізбен бірлесіп, Қытай және Өзбекстан тараптарымен деректер алмасудың цифрлық платформасын белсенді дамытып, интеграциялап жатырмыз», – деді Бақытжан Слямов.
Кедендік рәсімдерді трансформациялау мен цифрландырудың негізгі бағыттарының бірі «Кеден» жаңа ақпараттық жүйесін енгізу болды. Бүгінде транзит, жолаушылар бағыты және алдын ала ақпараттандыру модульдері жұмыс істеп тұр. Ағымдағы жылдың қыркүйегінде импорттық және экспорттық модульдерді іске қосу жоспарда бар. Процедураларды жеделдетуге ерекше назар аударылады. Осылайша, экспресс-жүктерді электрондық декларациялау 100%-ға жетті. Оған қоса, спикер «Кеден» жүйесі 35 сыртқы ақпараттық платформамен біріктірілгенін айтты.
Бақытжан Слямов атап өткендей, жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаждау жұмыстарына қарамастан, жаңғыртылатын өткізу пунктерінің өткізу қабілеті 2022 жылы 640 мың көлік құралын құраса, 2024 жылдың қорытындысы бойынша 1,4 млн-ға дейін ұлғайды. Өткізу пунктерін жаңғырту шекарадан өту үшін қолайлы жағдай жасап, мемлекеттік бақылауды жүргізудің жоғары сапасын қамтамасыз етеді, өткізу қабілетін 6 есеге арттырады.
Previous Post

Кентауда теріс діни ағымдардың алдын алу мақсатында кездесу өтті

Next Post

Қазақстан мектептеріне оқушыларды кәсіптік бағдарлауға арналған жаңа цифрлық құрал енгізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz

imunify-bot-check