gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Кентауда теріс діни ағымдардың алдын алу мақсатында кездесу өтті

19 июня, 2025
in Қоғам
0
Кентауда теріс діни ағымдардың алдын алу мақсатында кездесу өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Қоғамда радикалды діни ағымдардың ықпалына түсу – бүгінгі күннің өткір мәселелерінің бірі. Теріс діни идеологияның таралуы жеке тұлға ғана емес, тұтас қоғам үшін қауіп төндіреді. Осы орайда Кентау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қызметкерлерімен теріс діни ағымдардың алдын алу мақсатында кездесу ұйымдастырылды.

Шара барысында теолог мамандар қызметкерлерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, жат ағымдардан сақтанудың жолдарын түсіндірді.

Кездесуде мамандар әрбір азамат діни тұрғыда сауатты әрі сергек болуы тиіс екенін атап өтті. Олар төмендегі басты қағидаларды ұстануға кеңес берді.

  • Мүфтият бекіткен ресми сайттар мен теологиялық оқу орындарының материалдарына ғана сүйену қажет. Дін саласындағы білім бұқаралық ақпарат құралдары немесе әлеуметтік желідегі беймәлім уағызшылардан емес, білікті дін мамандарынан алынуы тиіс.
  • Күмәнді топтар көбіне қоғамнан бөлектенуді, заңға қарсы әрекетке итермелеуді, діни мәтіндерді бұрмалап түсіндіруді насихаттайды. Мұндай белгілер байқалған жағдайда дереу құзырлы мекемелерге немесе теолог мамандарға хабарласу керек.
  • Ислам діні мен қазақ халқының салт-дәстүрі – бір-бірін толықтыратын рухани байлық. Өзара сабақтастықты сезіне білген адам теріс бағыттағы түсініктерге қарсы тұра алады.
  • Дінге қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, мешіт имамы, дінтанушы немесе теолог секілді ресми маманнан кеңес алған жөн.

Кездесу барысында мамандар: «Нағыз дін – татулық пен тыныштыққа үндейді. Ал бүлік пен бөлінушілік – діннің емес, оны жамылып әрекет етуші теріс ниетті топтардың ісі» – деп атап өтті.

Шара соңында қатысушылар теолог мамандарға сұрақтар қойып, дін мен қоғам арасындағы өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Аталған ақпараттық жұмыс – ел ішіндегі рухани тұрақтылықты сақтау жолындағы маңызды қадамдардың бірі.

Previous Post

Сайрам ауданының орталығы Ақсу ауылында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Next Post

Барлық рәсім ашық жүргізіліп жатыр – МКК өткізу пунктерін жаңғырту туралы айтты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz

imunify-bot-check