gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрам ауданының орталығы Ақсу ауылында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде

19 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сайрам ауданының орталығы Ақсу ауылында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде қолға алынған «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы – қоршаған ортаны қорғауға, тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеруге бағытталған ауқымды экологиялық бастама. Бұл игі бастама аясында Түркістан облысында да ауқымды әрі жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып келеді.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде бағдарлама аясындағы жұмыстар қорытындыланды. Бүгінгі таңда өңірде 7263 іс-шара жоспарланып, соның 2614-і өткізіліп үлгерген. Бұл жұмыстарға 458 657 тұрғын қатысып, өз қаласы мен ауылын таза ұстауға үлес қосты. Сонымен қатар, 2980 арнайы техника жұмылдырылып, нәтижесінде 509 мың түп көшет отырғызылып, 9143 тонна қатты тұрмыстық қалдықтар шығарылған. Бұл – облыс тұрғындарының экологиялық жауапкершілікке деген көзқарасының оң бағытта қалыптасып келе жатқанын білдіреді.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың мәліметіне сүйенсек, «TazaQazBot» ақпараттық жүйесіне биылғы жылдың басынан бері 2320 өтінім келіп түскен. Оның 2308-і орындалған, ал қалған 12 өтінім орындалу үстінде. Жыл басынан бері қоғамдық орындарда санитарлық нормаларды бұзған тұлғаларға 10 570 әкімшілік хаттама толтырылып, 262,5 млн теңге айыппұл салынған. Оның 142,6 млн теңгесі бюджетке өндірілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 21 пайызға жоғары.

Бүгінде өңірде алғаш рет аэровизуалды мониторинг нәтижелерін «109» өтініштер жүйесімен байланыстыру тәжірибесі енгізілуде. Бұл жаңа тәсіл арқылы дрондармен түсірілген бейнематериалдар мен фотодеректер арқылы экологиялық заңбұзушылықтар жедел тіркеліп, дер кезінде шешім қабылданады.

Бағдарлама аясында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинау жүйесін Түркістан қаласында пилоттық режимде енгізу ұсынылды. Жаңа модельге сәйкес, қалдықтар бес негізгі санатқа бөлініп (қағаз, шыны, металл, электронды қалдықтар және пластик), арнайы контейнерлер орнатылады. Бұл жоба экологиялық мәдениетті арттырып, қайта өңдеу саласының дамуына серпін береді.

Сайрам ауданында да «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында көзге көрінерлік істер атқарылуда. Аудан орталығы Ақсу ауылында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, Абылайхан көшесі абаттандырылып, «Ынтымақ» гүлзары қайта жаңғыртылды. Қ.Жандарбеков көшесіндегі «Арбат», «Мәртөбе» гүлзары жаңартылып, 9 гектар аумақты алып жатқан Орталық саябақты жаңарту жұмыстары басталып, биыл толық аяқтау жоспарлануда. Бұл нысандар тек аудан келбетіне көрік беріп қана қоймай, тұрғындардың демалуына жайлы орта қалыптастырады.

Жыл басынан бері облыс аумағында 157 рет санитарлық сенбілік өткізілді. Бұл іс-шараларға 106 мыңнан астам адам атсалысты. 713 арнайы техника жұмылдырылып, 23 300 түп ағаш көшеті отырғызылып, 1303 тонна қоқыс жиналды. Бұл көрсеткіштер – облыс халқының қоршаған ортаға деген жанашырлығының айғағы.

«Таза Қазақстан» бағдарламасы – тек тазалықты сақтау акциясы емес, бұл – ұзақмерзімді экологиялық стратегия. Бағдарламаның жүзеге асуы – билік пен халықтың бірлескен жауапкершілігінің жемісі. Өңірді көркейту, табиғатты қорғау, экологиялық сауаттылықты арттыру – баршамыздың ортақ борышымыз. Тазалық – тәртіптен басталады. Ал, тәртіп – жүйелі жұмыс пен қоғамның өз ортақ мүддесіне деген адалдығынан туындайды.

Previous Post

Кентауда діни экстремизм мен теріс ағымдардың алдын алу мақсатында кездесу өтті

Next Post

Кентауда теріс діни ағымдардың алдын алу мақсатында кездесу өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz

imunify-bot-check