gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстанда жүгері мен бидайды терең өңдеу жобасы жүзеге асырылады

17 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қазақстанда жүгері мен бидайды терең өңдеу жобасы жүзеге асырылады
Share on FacebookShare on Twitter
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешенге стратегиялық инвесторларды тарту және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Осы жұмыс аясында ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Қытайдың Yili Chuanning Biological Co. компаниясының өкілі Дэн Сюйхэн мырзамен кездесу өткізді. Аталған компания Қытайдағы ең ірі биофармацевтикалық кәсіпорындардың бірі және антибиотик аралық өнімдерінің жетекші жеткізушісі ретінде ішкі және халықаралық нарықтарда белсенді жұмыс істейді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
Кездесу барысында Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында жүгері мен бидайды терең өңдеу бойынша инвестициялық жобаның егжей-тегжейі талқыланды. Жоба заманауи биотехнологияларды енгізуге, қосылған құны жоғары өнім шығаруға және Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторының экспорттық әлеуетін арттыруға бағытталған.
Жобаның жалпы инвестиция көлемі 500 миллион АҚШ долларын құрайды, кәсіпорынның жобалық қуаты – жылына 400 мың тонна жүгері мен 500 мың тонна бидай. Өндіріс ауыл шаруашылығы шикізаты негізінде аминқышқылдар, пробиотиктер, сондай-ақ орау мен медициналық бұйымдарды қоса алғанда, биоыдырайтын материалдар шығаруға бағытталады.
Министр Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты кеңейтуге мүдделі екенін айтып, инвесторлар үшін қолжетімді салалық преференциялар туралы жан-жақты ақпарат берді. Олардың қатарында салықтық жеңілдіктер, инвестициялық субсидиялар, инфрақұрылым шығындарын өтеу және өзге де мемлекеттік қолдау шаралары бар.
«Бүгінгі кездесу іскерлік әріптестікті нығайту жолындағы маңызды қадамға айналып, екіжақты ынтымақтастықтың толық әлеуетін жүзеге асыруға сеп болады деп сенемін. Қазақстан агроөнеркәсіптік салада жоғары технологиялық жобаларды іске асыру үшін барлық қажетті жағдайды жасап, жан-жақты қолдау көрсетуге дайын», – деді Айдарбек Сапаров.
Өз кезегінде Дэн Сюйхэн компания мамандары қазіргі уақытта жоба жүзеге асырылатын жерді егжей-тегжейлі зерттеп жатқанын жеткізді. Инфрақұрылым, логистикалық мүмкіндіктер, сондай-ақ экономикалық және құқықтық жағдайлар талдануда. Сонымен қатар жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру стратегиясы әзірленіп жатыр.
Бүгінде Қазақстанда осы бағытта тағы бірнеше ірі жоба жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, Түркістан облысында «Казкрахмал» ЖШС жылына 100 мың тонна жүгері өңдейтін зауытты 2025 жылы іске қосуды жоспарлап отыр. Сонымен бірге, Жамбыл облысында Fufeng Group жылына 1 млн тонна өнім шығаратын кәсіпорын құрылысын жүргізуде, оны 2027 жылы іске қосу жоспарланған.
Yili Chuanning Biological Co. компаниясының бастамасын қоса алғанда, бұл жобалардың жүзеге асырылуы еліміздің агроөңдеу саласын сапалы жаңа деңгейге көтеріп, азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға және Қазақстанды өңделген ауыл шаруашылығы өнімдерінің халықаралық нарығындағы сенімді жеткізуші ретінде бекітуге мүмкіндік береді.
Previous Post

Төлеби ауданында жаңа тігін фабрикасы іске қосылады

Next Post

2025 жылғы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына конкурстық өтінімдерді қабылдау басталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz