gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби ауданында жаңа тігін фабрикасы іске қосылады

17 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлеби ауданында жаңа тігін фабрикасы іске қосылады
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданында жылына 90 мың дана арнайы жұмыс киімдерін тігетін жаңа тігін фабрикасы іске қосылады. Бұл туралы аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді. Леңгір қаласында орналасатын бұл өндіріс орны «KAZPLAST» ЖШС-не тиесілі және өңірдегі жеңіл өнеркәсіптің дамуына серпін бермек.

Ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері де оң нәтижелерге қол жеткізіп отыр. 2025 жылдың қаңтар–мамыр айларында жалпы өңірлік өнім көлемі 53,1 млрд теңгені құрады. Оның 57,2 пайызы өнеркәсіп саласына, 21,9 пайызы ауыл шаруашылығына, 18,7 пайызы саудаға және 2,2 пайызы құрылыс саласына тиесілі.

Аталған мерзімде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 13,1 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,5 млрд теңгеге артты. Өнеркәсіп өнімінің жалпы көлемі 30,4 млрд теңгеге жеткен. Аудан бойынша өнеркәсіп саласында жалпы құны 6,5 млрд теңгеге бағаланған, 180 жаңа жұмыс орнын құратын төрт ірі инвестициялық жобаны іске асыру көзделуде.

Атап айтқанда, Төңкеріс елді мекеніндегі Балдыберек өзенінің бойында қуаттылығы 3,2 мВт шағын гидроэлектростанция салу жобасы қолға алынған. Сонымен қатар, Сарқырама елді мекенінде Ақсу өзенінің бойында қуаттылығы 2 мВт болатын тағы бір ГЭС құрылысын «Jasyl Quat» ЖШС жүзеге асырып жатыр. Бұған қоса, «З-Энергетик СНГ» ЖШС тарапынан тағы бір шағын ГЭС жобасы іске асырылуда.

Инвестициялық тартымдылықты арттыру үшін Шымкент қаласына іргелес Киелітас ауылдық округінде 100 гектар аумақта индустриялды аймақ құру жұмыстары басталған. Сонымен қатар, сол округтен 14 гектар жерге шағын өндірістік парк салу жоспарланған. Мұнда жалпы құны 20 млрд теңге болатын 5 ірі жоба жүзеге асып, 400 адамды жұмыспен қамту көзделіп отыр.

«Еңбек нарығын дамытудың 2024–2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы» аясында жыл басынан бері 2 476 жұмыс орны ашылған. Оның 676-сы – тұрақты, 1800-і – уақытша жұмыс орындары.

Ауданда туризм де дамып келеді. Қазіргі таңда 254 туристік нысан халыққа қызмет көрсетуде. Биылғы бес айда ауданға 22 500-ге жуық демалушы келген. Жыл соңына дейін жалпы құны 4,2 млрд теңгені құрайтын 12 жаңа туристік нысан іске қосылып, 151 адам жұмысқа тартылмақ.

Аудандағы шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 10 831-ге жетіп, оларда 14 405 адам жұмыспен қамтылған. Биылғы бес айда аталған салада өндірілген өнім көлемі 41,3 млрд теңгеге жетті.

Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі де басты назарда. Алдағы үш жылда 520 пәтерден тұратын 10 көпқабатты үй салу жоспарланған. Сонымен қатар, биылдың өзінде 5 қабатты, 156 пәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылысы аяқталмақ.

Инфрақұрылым саласында да жетістіктер бар. Аудандағы 55 елді мекеннің барлығы 100 пайыз табиғи газбен және орталықтандырылған ауыз сумен қамтылған. Ал аудандық маңызы бар 170 шақырым жолдың 95,6 пайызы қанағаттанарлық жағдайда.

Аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың айтуынша, барлық саладағы даму көрсеткіштері тұрақты өсімді көрсетіп отыр. Бұл өз кезегінде халықтың әл-ауқатын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға жол ашпақ.

Previous Post

Түркістанда «Жасыл белдеу» жайқалып келеді

Next Post

Қазақстанда жүгері мен бидайды терең өңдеу жобасы жүзеге асырылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz