gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Жасыл белдеу» жайқалып келеді

17 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысының жалпы өңірлік өнім көлемі 7 жылда 2,6 есе өсті
Share on FacebookShare on Twitter

«Қаланы көркейтіп, абаттандыру – жай сән-салтанат емес, ең алдымен тұрғындар үшін қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған маңызды жұмыс. Бұл – еліміздің болашағына жасалған нақты инвестиция».
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді абаттандыру және көгалдандыру жөніндегі тапсырмасы бүгінде ел аумағында кең ауқымды экологиялық бастамаларға серпін беріп отыр. Бұл игі істер дәстүрге айналып, әсіресе көктем мен күз мезгілдерінде ағаш отырғызу шаралары тұрақты түрде ұйымдастырылуда.

Табиғатпен үндестікте өмір сүруді мақсат еткен Түркістан қаласы да бұл бастамадан шет қалған жоқ. Қалада қоршаған ортаны қорғау, жасыл желек қорын көбейту және жалпы экологиялық ахуалды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Түркістан – терең тарих пен заманауи дамуды ұштастыра білген, рухани жаңғырудың символына айналған шаһар. Соңғы жылдары қалада құрылыс қарқын алып, инфрақұрылым жаңғырып, әлеуметтік-мәдени нысандар бой көтеріп жатқаны баршаға аян. Осы қарқынды даму табиғатты аялау мен экологиялық тепе-теңдікті сақтау шараларымен ұштасып келеді. Қаланың айналасында құрылған жасыл желекті алқаптар – соның айқын көрінісі.

Қала сыртындағы «Жасыл белдеу» жобасы Түркістанның тынысын ашып, тұрғындар үшін қолайлы экожүйе қалыптастыруды көздейді. Ауа райының ерекшелігі ескеріліп, отырғызылған ағаштардың жерсіну көрсеткішін арттыру бағытында бірқатар нақты шаралар қолға алынған. Қала аумағын көгалдандыру, ағаштарды күтіп-баптау және жасыл аймақтарды сақтау жұмыстары бүгінде тұрақты негізде атқарылып келеді. Шөп шабу, суғару, қураған ағаштарды алып тастау, олардың орнына жаңа көшеттер отырғызу секілді жұмыстар қала көркіне көрік қосып, экологиялық тұрақтылықты нығайтуға бағытталған.

Жақында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлының төрағалығымен өткен арнайы жиында осы бағыттағы жұмыстар кеңінен талқыланды. Жиынға қала әкімінің кеңесшілері, бөлім басшылары, коммуналдық қызметтердің өкілдері және мердігер ұйым жетекшілері қатысты. Басқосуда инженерлік инфрақұрылым, көгалдандыру мен суғару жұмыстары және алдағы кезеңге арналған жоспарлар жан-жақты сараланды.

Жиында қала аумағындағы 60-тан астам жасыл желек аймағына жүргізілген күтім жұмыстарының нәтижесі таныстырылып, алдағы міндеттер айқындалды. Сонымен қатар, тұрғын үй кешендері маңында да көгалдандыру жұмыстары қарқын алған. Қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттырып, жайлы әрі таза орта қалыптастыруға бағытталған бұл бастамалар қоғам тарапынан да оң бағасын алуда.

Кездесу соңында қала әкімі жауапты мекемелерге жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде орындауды тапсырды. Көгалдандыру мен абаттандыруға бағытталған мұндай жүйелі істер Түркістанды экологиялық тұрғыдан таза, өмір сүруге қолайлы, заманауи қалаға айналдыруға жол ашпақ.

Previous Post

Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады

Next Post

Төлеби ауданында жаңа тігін фабрикасы іске қосылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz