gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби ауданы Мәдени елді мекенінде өткен сенбілікке 500-ге жуық тұрғын қатысты

15 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сайрам ауданының орталығы Ақсу ауылында абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Қоршаған ортаның жай-күйі – кез келген елдің даму деңгейінің, азаматтарының мәдениетінің айнасы. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасы – дәл осы бағытта нақты әрі нәтижелі жұмыстар атқаруға негіз болып отыр.

Экологиялық мәдениетті арттыру, табиғатты қорғау, қоғамдық кеңістіктерді таза әрі жайлы ету – бұл тек мемлекеттік органдардың емес, барша қоғамның ортақ міндеті. Бұл бағдарлама аясында Түркістан облысында ауқымды жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асуда. Жақында облыс әкімі Нұралхан Көшеровтің төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде өңірде «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалып, алдағы міндеттер пысықталды. Жоспарланған 7263 іс-шараның 2614-і өткізілген. Бұл бастамаларға 458 657 тұрғын қатысып, өздерінің туған жеріне жанашырлық танытты.

Жұмыстарға 2980 арнайы техника жұмылдырылып, 509 мың түп ағаш көшеті отырғызылып, 9143 тонна қоқыс шығарылған. Бұл көрсеткіштер экологиялық ахуалды жақсарту жолында атқарылған іргелі істердің дәлелі.

Қоршаған ортаны қорғауда заманауи цифрлы технологиялар кеңінен қолданылуда. Облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың айтуынша, «TazaQazBot» ақпараттық жүйесіне 2320 өтінім келіп түскен. Оның ішінде 2308-і орындалған, 12-сі – орындалу үстінде.

Санитарлық талаптарды сақтамағандар жайлы 10 570 әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы 262,5 млн теңге көлемінде айыппұл салынған. Оның 142,6 млн теңгесі өндірілді. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 21%-ға артық көрсеткіш.

Бағдарлама аясында елімізде алғаш рет аэровизуалды мониторинг пен «109» өтініштер жүйесі біріктіріліп отыр. Арнайы дрондар арқылы түсірілген бейне және фотоматериалдар жедел жүктеліп, құқық бұзушылықтарға жылдам әрекет етуге мүмкіндік береді. Бұл бастама барлық аудан, қала әкімдіктерін қажетті техникамен қамтамасыз етуді талап етеді.

Бағдарлама аясында Түркістан қаласында тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинау бойынша пилоттық жоба іске қосылады. Жаңа жүйе бойынша қалдықтар 5 негізгі санатқа бөлінеді: қағаз, шыны, металл, пластик және электронды қалдықтар. Оларға арнап арнайы контейнерлер орнату арқылы қайта өңдеу мен экологиялық сананы қалыптастыру көзделіп отыр.

Облыс аумағында ғана емес, аудан деңгейінде де тазалыққа деген жауапкершілік ерекше. Айталық, Төлеби ауданында сенбіліктер тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Соның бірі ретінде Жоғарғы Ақсу ауылдық округіндегі Мәдени елді мекенінде өткізілген сенбілікті айтуға болады. Бұл сенбілікке 500-ге жуық тұрғын қатысты.

Ауыл тұрғындары саябақтар мен қоғамдық орындарды, мешіт маңын, көшелерді қоқыстан тазартып, тұрмыстық қалдықтарды арнайы техникамен ауыл сыртына шығарды. Ағаштар бұталып, айнала абаттандырылды. Мұндай іс-шаралар тек табиғатты қорғау емес, қоғамдық бірлік пен экологиялық мәдениеттің де көрінісі екені анық. Сенбіліктен кейін ауыл тұрғындары арнайы жайылған дастархан басында бас қосып, ортақ іске атсалысқан еңбектерін атап өтті. Бұл – тазалық пен ұйымшылдықтың жарасымды үндестігі.

«Таза Қазақстан» – тек бір реттік науқан емес, бұл – кешенді экологиялық даму жолы. Ел Президенті айқындағандай, жоғары өмір сапасы – таза, қауіпсіз, жайлы ортадан басталады. Түркістан өңірі осы мақсат жолында ілгері қадамдар жасап келеді.

Previous Post

Болашағымыз бірлікте!

Next Post

Қазығұрт ауданында 1 наурыздан бері 14 сенбілік ұйымдастырылып, оған 7 мыңға жуық тұрғын қатысқан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz