gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби ауданында электр жүйелерін жаңарту мен шағын ГЭС салуға арналған бастамалар қолға алынды

6 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлеби ауданында электр жүйелерін жаңарту мен шағын ГЭС салуға арналған бастамалар қолға алынды
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданында 55 елді мекендегі 22 380 абонент 100 пайыз электр жүйесімен қамтылған. Желілердің жалпы ұзындығы 1 206 шақырымды құрайды. Сонымен қатар, аудан ішінде 35 елді мекенде 2617 бағана (125,5 шқ) тозығы жеткен, бұл жалпы нарықтың 10,4  пайызын құрайды. 86 трансформатор қызмет мерзімі өткен деп танылып, қайта жаңартуды қажет етеді.

Осыған байланысты, 2025 жылға арналған жоспар бойынша сметалық құны 1 567 млн теңге болатын 19 елді мекендегі 59 шақырым электр желісі мен 38 трансформатор жаңартуға мемлекеттік сатып алу рәсімдері басталды. «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС инвест бағдарламасы аясында 20,9 шақырым желі мен 8 трансформаторды қайта жаңартуды көздеп отыр.

Леңгір қаласына қарасты «Алатау» тұрғын алабында 110 кВ‑тан 10 кВ‑қа дейінгі қосалқы станциясының құрылысы 2025 жылға 91,5 млн тг қаражатымен жүзеге асырылады. Мердігер мекеме – «Алматымәдениеттұрмысқұрылыс» ЖШС-і. Қазіргі уақытта құрылыс жұмыстары аяқталып, объектінің іске қосылуына байланысты 14 кемшілік түзетілді. Іске қосу жөніндегі шешімді ОЖТ қабылдауы күтілуде. Реті келгенде айта кетейік, құрылыс жүргізілетін аймақтың жер көлемі 2 гектар, құрылыс алаңы – 1 520 м², қуаттылығы – 110/10 кВт, электр желісінің ұзындығы – 14 шақырым, бағаналар саны – 136 дана, конкурстық құны – 2 031 млн тг (2023 жылы – 1 929,4 млн; 2024 жылы – 50 млн; 2025 жылы – 91,5 млн тг).

Ауданда елдімекендерге жаңа электр желілерін тарту бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Былтыр 12 елді мекендегі (Леңгір, Қаратөбе, Бірінші Мамыр, Ханарық, Тасарық, Ақайдар, Керегетас, Жоғарғы Қасқасу, Кеңесарық, Сұлтанрабат, Жамбыл, Ақбастау) 29 көшеге 69 шақырым электр желісі мен 15 трансформатор орнатылып, 4 640 адам (928 абонент) сапалы электр желісімен қамтылды. Биыл одан бөлек тағы 12 елді мекенде (Балдыберек, Ынтымақ, Оңтүстік, Зағамбар, Аққұм, Жаңаұйым, Бірінші Мамыр, Момынай, Майбұлақ, Көксәйек, Тасарық, Екпінді) 25 көшеге 45,2 шақырым желі шешіліп, 19 трансформатор орнатылып, 4 825 тұрғын (1 031 абонент) электр желісімен қамтылмақ. Аймақта электр қуаты үзіліп қалатын ауылдар жоқ.

Аудан үшін баламалы энергетика саласы қолайлы бағыт ретінде танылып, бірнеше шағын ГЭС жобалары жүзеге асырылуда. 2014 жылы «Ақсу Қуат» ЖШС-і жасаған «Кеңес‑1» шағын ГЭСі (Қасқасу ауыл округі, Сарқырама) 2,5 мВт/сағ-ты қуатпен жұмыс істеп тұр. Жоба құны – 1,2 млрд теңге. Бүгінде онда 13 жұмыс орны құрылды.

Қазіргі таңда ауданда тұрғындарды электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша бірқатар құрылыстар жүргізілуде. Олардың барлығында жоспарланған жұмыстарды биыл жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Айталық, «Тауэнерго» ЖШС-і 3,2 мВт/сағ қуат, 2,5 млрд теңге (Қаратөбе округі, Балдыберек өзені). «Jasyl Quat» ЖШС-і 2,0 мВт/сағ, 1,5 млрд теңге (Жоғарғы Ақсу округі, Ақсу өзен). «З‑Энергетик СНГ» ЖШС-і 2,0 мВт/сағ, 1,0 млрд теңге (Жоғарғы Ақсу округі, Ақсу өзен).

Ал, келесі жылға жоспарланған жобалар жайлы айтар болсақ, «MILIAR COMPANY» ЖШС-і 10 мВт/сағ, 9,4 млрд теңге (Жоғарғы Ақсу, Сарқырама), «Килибаева Айгүл» ЖШС-і  2 мВт/сағ, 1,0 млрд теңге (Көксәйек округі). Сала мамандарының мәлімдеуінше, осы компаниялар бүгінгі күнге қажетті құжаттарын даярлауда.

Төлеби ауданында электр жүйелерінің тозығын жою және жаңа желілер тарту арқылы сапалы электр қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, баламалы энергетика бағытындағы шағын ГЭС жобалары аймақтың экологиялық тұрақтылығын және энергетикалық мүмкіндіктерін кеңейтуге ықпал етеді. Бұл бастамалар аудан тұрғындарының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған даму стратегиясына сай жүзеге асырылуда.

Previous Post

Жат ағымдарға неге заңмен тыйым салмайды?

Next Post

«Таза Қазақстан»: Түркістан облысында жыл басынан бері 2600-ден астам тазалық жұмысы жүргізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz