gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Жат ағымдарға неге заңмен тыйым салмайды?

6 июня, 2025
in Қоғам
0
Мәзһабсыздық – қауіпті жол
Share on FacebookShare on Twitter

Елдің амандығы мен тыныштығы бәрінен қымбат. Ел болып қалыптасып, бағыт-бағдарын түзеген Қазақстан үшін діни тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселесі өзекті. Өйткені отан – баршамызға ортақ. Ендеше, ондағы ауқымды мәселелерді еңсеру – тек үкіметтің немесе қандай да бір салалық құрылымның ғана емес, жалпыхалықтық міндет. Бүгінгі күні көпшілік назарын алаңдатып отырған мәселелердің бірі «Жат ағымдарға неге заңмен тыйым салмайды?». Бұл тұста халықтың негізгі міндеттерінің бірі – кез келген орынсыз жағдаяттар мен қалыптасқан жағымсыз ахуалдарға қатысты өзінің пікірін, жанайқайын білдіріп, атқарушы биліктен мәселені оңтайлы шешуді талап ету әрі оған көмектесу орынды. Бұлай болмайынша ел жұрттың күдігі де, қаупі де сейілмейді.

Әрине, соңғы кезде радикализм мен экстремизм және терроризм­нің жиірек көрініс беруі әлемдік қоғамдастықты ерекше алаңдатып келеді. Елдердің ұлттық қауіпсізді­гіне қатер төндіретін, бейбіт халықты қанға бояп, үрейлендіретін кез келген террорлық әрекеттің артында жат пиғылдағы белгілі бір топтың немесе терроршыл ұйымның тұратыны анық. Мұны бейбіт­­шілік пен тұрақтылыққа жасалған шабуыл деп қабылдаған жөн. Осыны ерте бастан білген елдер іс-әрекеті күмәнді шетелдік құрылым­дар мен ұйымдардың өз елдері аумағында қызмет етуіне тыйым салып жатыр. Олардың қатарында Қазақстан Республикасы да бар.

Осыған қатысты елімізде «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заң қабылданып, бірқатар діни ағымдардың қызметіне шектеу қойылды.

Қазақстан Республикасы аумағында сот шешімімен 2004 жылдан бастап лаңкестік ұйымдарға тыйым салынды. Әлемде 500-ге жуық ірілі-ұсақты террористік және экстремистік топтар бар. Ал Қазақстанда құйтырқы әрекетімен танылған  23 жат ұйым анықталып, қара тізімге енгізілді. Басым бөлігі діни ұйымдар екені белгілі болды. Елімізде олардың қызметіне және идеяларын насихаттауға заң аясында тыйым салынды. Ондай ұйымдардың көбі – шетелде құрылып, ықпалын жан-жаққа таратып жатқан деструктивті бірлестіктер.

Қазақстанда тыйым салынған террористік құрылымдардың біразы ел аузында көп айтылып жұрген уахабилік және псевдосалафилік идеологияға қатысы бар деп айтуға болады. Мысалға «Ихуан муслимин», «Джунд-аль-Халифат», «Ат-такфир уаль-хиджра», «Ислам мемлекеті» т.б. Бұған дейін аталған ұйымдар кейбір алыс-жақын шет елдердің аумағында да лаңкестік ұйымдар деп танылып келген. Қазақстанда террористік деп танылып отырған ұйымдардың қызметін мемлекеттік тұрғыда Ресей, АҚШ, Түркия, Өзбекстан, Пәкістан сияқты бірқатар елдерде террористік ұйымдар деп танылған. Сондай-ақ, аталған ұйымдардың кейбірінің қызметтері Шанхай ынтымақтастығы ұйымы елдері аумағында да тыйым салынған террористік, сепаратистік және экстремистік ұйымдар тізіміне енгізілген.

Қорытындылай келе, бүгінгі таңда Қазақстан Республикасындағы діни ахуал тұрақты деп айтуға болады, тұрақты деп отырғанымыз, елде дінаралық араздық  және теракт қаупі жоқ. Бірақ халықтың бойынан осыдан 10-15 жыл бұрынғы қауіп толық сейілмегенін байқаймыз. Олардың қызметіне тыйым салынғанымен діни радикализмнің ықпалы әлі де бар екенін білеміз. Қазақстан аумағында тыйым салынған террористік құрылымдардың басым көпшілігі шетелде құрылып, сырттан басқарылатындықтан өз ықпалын ғаламтор кеңістігінде таратып отыр. Сондықтан әлеуметтік желілер арқылы таралып отырған кез келген ақпарат көздеріне қырағалықпен қарау қажет.

А.Дүйсен,

«Дін мәселелері зерттеу орталығы» КММ теолог маманы

Previous Post

Сайрамда сенбілік өтті

Next Post

Төлеби ауданында электр жүйелерін жаңарту мен шағын ГЭС салуға арналған бастамалар қолға алынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz