Төлеби ауданында кәсіпкерлік бастамаларды қолдау, шағын және орта бизнесті дамытуға серпін беру, жұмыс істеп тұрған кәсіпті кеңейтуді қаржылай қолдау мақсатында бірқатар мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, «Мемлекеттік қолдауға жататын жеке кәсіпкерлік субъектілері қызметін жүзеге асыратын экономика салаларын мемлекеттік қаржылық қолдау қағидаларын, нысандарын бекіту туралы» Министрліктердің бірлескен бұйрығы (кәсіпкерлікті қолдау бойынша «Біріңғай кешенді бағдарламасы») шеңберінде келесідей қолдау түрлері көзделген.
Төлеби ауданында индустриялды аймақ және өндірістік паркті құрудағы мақсат — әртүрлі көлемдегі өндірістік компанияларды тарту арқылы (оларға қажетті тиімді, инновациялық өндірістік қуаттар мен заманауи форматтағы қойма үй-жайлар) олардың өзара әрекеттесуі негізінде үйлесімді өндірістік орта құру. Бұл әсіресе, өнеркәсіп және технологиялық өнімдер өндіру үшін арнайы ұйымдастырылған аумақтар болып табылады. Өндірістік парктерді құру шикізаттық емес секторды дамыта отырып, өндірістің инновациялық дамуына мүмкіндік береді.
Түркістан облысы әкімінің кәсіпорындар ашу, индустриялық аймақтарды көбейту тапсырмасы бойынша Төлеби ауданында Киелітас ауылдық округінің аумағында 14,5 гектар жер телімінде өңірлік маңызы бар шағын өндірістік парк құру жопарлануда. Бұл жоба «Түркістан»ӘКК» АҚ тарапынан қолдау тапты.
Бұл жер логистика үшін өте қолайлы. Шымкент қаласына қарасты «Жұлдыз» индустриялды аймаққа баратын жолға қосылады. Шымкент қаласына 1,5 шақырым және Өзбекстан Республикасына (Жібек жолы бекеті) 80 шақырым, яғни жақын орналасқандықтан ішкі және сыртқы нарықтарына шығуға мүмкіндігі жоғары. Өндіріс аумағы күре жолмен тікелей байланыстыруға да қолайлы.
Сонымен қатар, өңірдің инвестициялық әлеуетті көтеру мақсатында Шымкент қаласымен шекаралас орналасқан Киелітас ауылдық округіндегі 100 гектар жерге индустриялды аймақ құру бойынша жұмыстар жүргізілуде (инфрақұрылымға қажетті қаржы 3,9 млрд.тг). Құрылатын индустриялды аймақта бастапқы сатында 370-тен астам жаңа жұмыс орындарын ұйымдастырумен мынадай бағыттарды дамыту бойынша перспективалар бар. Айталық, заманауи құрылыс материалдарының өндірісі, дайын металл бұйымдарының өндірісі, металды емес басқа да минералды өнімдерінің өндірісі, ағаш бұйымдарын өндейтін цехы, жабдықтар өндірісі және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу. Сонымен қатар, халық тұтынатын тауарларды өндірісі, тоқыма және киім өндірісі, электртауарларын өндірісі мен полиэтилен және резеңке бұйымдарын өндірісі.
2026-2028 жылдары жергілікті және шет елдік инвесторларды тарта отырып, тоқыма бұйымдары, автобөлшектер, жиһаз, пластмасса және резеңке, қағаз, темір, құрылыс заттарын өндіру, тұрмыстық техника шығару салаларын қамту жоспарланған.
Ауданға инвестиция тарту, инвесторларға қолайлы жағдай жасау, инвестициялық жобаларға жан-жақты қолдау көрсету бойынша аудан әкімінің 11.02.2025 жылғы №56 өкімімен аудандық инвестициялық штаб құрылып, жұмысын жасауда.
Төлеби ауданында мемлекеттік қолдаудың тиімді әрі кешенді жүйесі қалыптасып, кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік беріліп отыр. «Біріңғай кешенді бағдарлама» және «Даму» қоры сияқты механизмдер арқылы микрокредиттерге субсидия, кепілдік беру және мемлекеттік гранттар ұсынылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге бизнес-жоспар дайындау, құжат рәсімдеу мен қаржылық қолдауға дейінгі барлық кезеңде «Түркістан» кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ақысыз көмек көрсетеді.
Индустриялық аймақ және өндірістік парк құру жобалары – кәсіпкерлікті кеңейтіп, өңірге жаңа инвестициялар мен жұмыс орындарын тартуға бағытталған стратегиялық шаралар. Киелітас ауылында жоспарланған шағын өндірістік парк, сондай-ақ 100 гектардай индустриялық аймақ – инновациялық өндіріс пен несиелік қолдауды үйлестіріп, өңірлердің іскерлік әлеуетін арттыруда.
2026–2028 жылдары іске қосылатын жобалар – тоқыма, жиһаз, автобөлшек, пластмасса, резеңке, құрылыс материалдары өндірісі мен тұрмыстық техника жасауды қамтиды. Бұл жоспарланған бастамалар – Төлеби экономикасын әртараптандырып, сыртқы және ішкі нарықтарға шығуға мүмкіндік береді. Аудан әкімінің инвестициялық штаб құрылып, әкімдік пен инвесторлар арасындағы үйлестіру күшейтілген. Нәтижесінде, мемлекеттік бағдарламалар мен маңызды инфрақұрылымдық жобалар кәсіпкерлікті қолдаудың жүйесін нығайтып, өңірдің тұрақты дамуы мен халықтың әл-ауқатын арттыруға сенімді негіз қалайды.



