gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби ауданында 3 «Жайлы мектеп» салынуда

5 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлеби ауданында 3 «Жайлы мектеп» салынуда
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданы білім беру бойынша іргелі реформалар мен нысандар құрылысын жүзеге асыруда. Бүгінде 128 білім мекемесі бар – оның ішінде 68 мектеп (оның төртеуі жекеменшік емес, ал 3-і жеке меншік), 56 балабақша (25 мемлекеттік, 31 жекеменшік), сонымен қатар 4 мектептен тыс ұйым, саз және көркемсурет мектептері жұмыс істейді.

Қазіргі таңда ауданда бірқатар мектептерде құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Атап айтар болсақ, Киелітас ауылдық округі Достық елдімекеніндегі 900 орындық «Жайлы мектептің» құрылысы жүруде. Көксәйек ауылдық округі Көксәйек елдімекеніндегі 600 орындық «Жайлы мектептің» құрылысы жүруде. Алатау ауылдық округі Қосағаш елдімекеніндегі 300 орындық «Жайлы мектептің» құрылысы жүруде. Бұл білім ұялары 2025 жылдың шілде айының соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланған.

Ал, «Бірінші мамыр» ауылдық округі, Ынтымақ елді мекеніндегі «Ынтымақ» жалпы білім беретін мектебіне 150 орындық заманауи жаңа мектеп салынуда. Мұндағы құрылыс жұмыстары 2025 жылдың 30 желтоқсанында аяқталады деп күтілуде. Мердігер мекеме — «Ar Kua Group» ЖШС-і. Тапсырыс беруші – «Түркістан облысының құрылыс басқармасы». ЖСҚ құны – 1,5 млрд. теңге.

Сонымен қатар, ауданда бірқатар мектептер құрылыс жұмыстарын жүргізуді қажет етеді. Кемеқалған ауылдық округі, Қаратөбе елді мекеніндегі «Қаратөбе» мектебі, Алатау ауылдық округі, Біркөлік елді мекеніндегі «Біркөлік» мектебі. Мемлекеттік актісі рәсімделген. Бүгінгі таңда техникалық шарттар алынды, СЖТ жасалды. Тиісті құжаттар салалық басқармаларға өткізілді. Құрылыс басқармасы ЖСҚ жасауда. Сондай-ақ, Тасарық ауылдық округі, Ханарық елді мекенідегі «Ханарық» мектебіне қосымша 200 орындық ғимаратының құрылыс мәселесі нақты шешілмеуде. Сала мамандарының мәлімдеуінше, 2022 жылы жасалған ЖСҚ сараптамасының мерзімі аяқталған, қайта түзетуге қаржы қарау керек.

Күрделі жөндеуден өтіп жатқан және өтетін мектептер туралы айтар болсақ, Б.Биболатұлы атындағы жалпы орта мектептің мердігері мен техникалық бақылаушы анықталған. Тиісті жұмыстар 5 маусымнан басталды. 2024 жылға барлығы 400 млн теңгесі қаралған. Қалған қаржысы да қаралды. Бүгінгі таңда құрылыс жұмыстарының 95 пайызы аяқталды. Ал, Қазақстан жалпы орта мектепті күрделі жөндеуге 50 млн теңге қаржы қаралған болатын. Құрылыс биылғы жылға өтпелі болатын. Қалған қаржысы да қаралды. Бүгінгі таңда Мердігер мекеме тарапынан күрделі жөндеу жұмыстары қарқынды жүріп, құрылыс жұмыстарының 95 пайызы аяқталды. Тамыз айының соңына дейін оқу корпусының ішкі жұмыстары аяқталады, ал қалған сыртқы жұмыстар қыркүйек айының аяғына дейін бітеді деп жоспарланып отыр.

Әл-Фараби атындағы жалпы білім беретін мектепті күрделі жөндеудің ЖСҚ бойынша құны – 837 млн.теңге. Облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының өткізген конкурсының нәтижесіне сәйкес, «Real Story Invest» ЖШС жеңімпаз болып табылды. Құрылыс-монтаж жұмыстарының құны – 769,699 млн.теңге. Сарқырама жарпы білім беретін мектепті күрделі жөндеудің ЖСҚ бойынша құны – 628 млн.теңге. Облыстық білім басқармасының зердеуі бойынша қаржыны үнемдеу мақсатында біршама жұмыстарды алып тастауға тапсырма берілді. Бүгінгі таңда жобалаушы мекеме тарапынан ЖСҚ-ға түзету жұмыстары жасалып, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан мердігер анықталды.

Ал, енді ағымдағы жөндеуден өткізілетін мектептер жайлы айтар болсақ, облыстық білім басқармасына 2025 жылы ағымдағы жөндеуден өткізілуі қажет 26 мектептің жарамсыздық актісі, сметалық құжаты өткізіліп бюджеттік өтінім берілді. Қажетті қаржы 1 601,881 млн.теңге. Қ.Тыныбеков атындағы, Бірінші мамыр, М.Әуезов атындағы, Алатау, №3 П.Тәжібаева атындағы, №4 Қ.Сәтпаев атындағы, №5 мектеп-гимназияға ағымдағы жөндеуге қаржы қаралды, мемлекеттік сатып алу басқармасы тарапынан мердігер анықталады.

Төлеби ауданы білім саласында жүйелі даму жүріп жатқан аймақ саналады. «Жайлы мектеп» бағдарламасы бойынша тұрғызылған жаңа нысандар, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары білім сапасын арттыруға бағытталған.

Previous Post

Қазығұрт ауданында тұрғындарды газбен қамтамасыз етуге арналған жобалар сәтті жүзеге асуда

Next Post

Сауран ауданы Ибата елді мекенінде электрмен қамтамасыз ету нысанының құрылысымен жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz