gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 89 шақырым ирригациялық арықтар мен 38,3 шақырым өзен мен каналдар тазаланды

29 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 89 шақырым ирригациялық арықтар мен 38,3 шақырым өзен мен каналдар тазаланды
Share on FacebookShare on Twitter

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы алғаш рет 2024 жылдың сәуір айында Мемлекет басшысының тапсырмасымен бастау алған болатын. Акция бес апталық кезеңге бөлініп, әр кезеңде түрлі экологиялық бағыттар қамтылды. Ауыл-аймақтар мен көшелерді тазарту, тарихи мәдени ескерткіштерді абаттандыру, көшет отырғызу және ағаштарды ақтау, ардагерлер үйлерін тазалау және су айдындарының жағалауларын қоқыстан тазартып, экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған бұл іс-шаралар ауданда жоғары деңгейде жүзеге асырылуда.

2025 жылдың басынан бері Төлеби ауданында жалпы 26 рет тазалық іс-шарасы өткізіліп, оған 219 мекеме мен 32 528 адам қатысып, 44 техника жұмылдырылды. Аудан аумағындағы 1110 шақырым облыстық, аудандық және ішкі жолдар, 89 шақырым ирригациялық арықтар, 38,3 шақырым өзен және каналдар тазаланды. Сонымен қатар, 3643 қураған ағаш бұталып, 3476 бағана әктеліп, 15 саябақ, аллея мен 19 спорттық ойын алаңшасы тазартыла отырып, 298 тонна күл-қоқыс шығарылды. Мұндай ауқымды жұмыстар табиғатты қорғау мен тазалықты қамтамасыз етуге үлкен үлес қосуда.

«ТazaQazBot» экологиялық платформасына 2025 жылдың 14 маусымына дейін 195 өтініш түсіп, олардың барлығы толық орындалды. Аудан бюджетінен санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына 1 042,8 миллион теңге бөлініп, ЖКХ саласына 258,7 млн теңге, ауыл әкімдіктеріне 483 млн теңге, жарық жолдарға 229,3 млн теңге, саябақтарға 26,8 млн теңге және Ленгер қаласының тазалығына 45 млн теңге қаражат бөлінді. Бұл қаржылық қолдау тұрақты экологиялық жағдайды қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жергілікті тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мақсатында аудандық баспасөз беттерінде «Экотуризмді дамытудың жолдары қарастырылды», «Ормандарды өрттен қорғайық!», «Экологиялық тәрбие», «Табиғатымызды сақтайық», «Орман ағаштары байлығымыз» сияқты тақырыптарда 9 мақала, сондай-ақ әлеуметтік желілерде 4 материал жарияланды. Бұл жұмыстар халық арасында экологиялық сананы көтеріп, табиғатты қорғау ісіне тартуды арттыруға бағытталған.

2025 жылғы көктем мезгіліне жоспарланған 41 000 көшетті толық отырғызу жұмыстары да табысты жүзеге асырылды. Сонымен қатар, 3643 қураған ағаштар бұталып, ауданның Ленгір қаласындағы саябақ, сквер, аллея және көше бойындағы гүлзарларға маусымдық гүлдер мен раушан гүлдері егілді. Нақты айтсақ, бархат – 2307 түп, цинния – 2500 түп, сальвия – 2142 түп, шафран – 2500 түп, хризантема – 187 түп және бордюрлы раушан гүлдері – 5000 түп егілді. Жалпы 14 636 түп гүл отырғызылып, ауданның көркемдігін арттыруға елеулі үлес қосылды.

Президент тапсырмасына сәйкес «Таза Қазақстан» бағдарламасы Төлеби ауданында белсенді түрде жалғасуда. Айта кетейік,облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың ауданға жасаған іссапары барысында тазалық жұмыстары мұқият бақылауға алынды. Зұлпыхар Сансызбайұлы өз сөзінде аудандағы экологиялық тазалық жұмыстарының маңызды екенін атап, бұл шараның тек бір күндік акция емес, ұзақ мерзімді әрі жүйелі жұмыс болуы қажеттігін айтты. Сонымен қатар, ол өрт қауіпсіздігін қатаң бақылауда ұстау қажеттігін ерекше баса айтты.

Сонымен қатар, ауданда жыл басынан бері абаттандыру қағидаларын бұзып, ортақ пайдаланылатын орындарды ластағаны үшін 130 ескерту беріліп, 642 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жұмыстардың нәтижесінде 11,3 млн теңге көлемінде айыппұл салынған, оның 9,2 млн теңгесі өндірілді. Мұндай шаралар қоғамдық тәртіпті сақтау мен табиғатты қорғау мәселелеріне қоғамның назарын аударуға бағытталған.

Төлеби ауданы – табиғаты көркем, экологиялық әлеуеті жоғары өңір. Мұндағы тазалық пен экологиялық тәртіп – тек аудан тұрғындарының ғана емес, бүкіл облыс жұртшылығының ортақ міндеті. Ауданның экологиялық мәдениетін арттыру және табиғатты қорғау бағытында жүйелі жүргізіліп жатқан іс-шаралар тұрғындардың жауапкершілігін арттыруға, экологиялық жағдайды жақсартуға септігін тигізуде. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын таба бермек, ал аудан тұрғындары мен ұйымдары табиғатқа деген жанашырлық пен патриоттық рухты одан әрі нығайтып, игі бастамаларға белсенді қатысады деген сенім бар.

Previous Post

Төлеби табиғи газбен толық қамтылған өңіріміздегі бірден-бір аудан

Next Post

Түркістан облысының спортшылары «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілік өткізді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz