gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлеби ауданы көрікті өңірге айналып келеді

4 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлеби ауданында электр жүйелерін жаңарту мен шағын ГЭС салуға арналған бастамалар қолға алынды
Share on FacebookShare on Twitter

Төлеби ауданындағы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Саябақтары» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінде орналасқан Қоғалы ауылдық округі, Ұзынарық елді мекеніндегі «Жеңіс» саябағына ағымдағы жөндеу және жарық шамдарын орнатуға 3 443,0 мың теңге қаржы жұмсалды. Осы қаржыға ескерткіштердің қас беттері ретке келтіріліп, әрлеу, сырлау және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Тасарық ауылдық округі, Жамбыл елді мекені, Бірінші Мамыр ауылдық округі, Алғабас елді мекені және Ленгір қаласының Айтеке би көшесінде орналасқан «Жеңіс» саябақтары мен Бейнеткеш елді мекеніндегі Ардагерлер скверіндегі ескерткіштер де абаттандырылды. Бұл нысандарда монументтерді қалпына келтіру, күл-қоқыстарды жинау және көгал шөптерді ору жұмыстары кең көлемде атқарылды. Осындай жұмыстар аудан тұрғындарының тарихи-мәдени мұраға деген құрметін арттырып, елдің өткеніне деген естелік пен патриоттық сезімді нығайтуға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген ауылдық аумақтарды дамытудың 2023–2027 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес және Түркістан облыстық мәслихатының шешімімен қабылданған Түркістан облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму жоспарына орай, елді мекендер арасында «Үлгілі ауыл» байқауын өткізу туралы шешім қабылданды. Бұл байқаудың басты мақсаты – ауыл шаруашылығы мен ауыл экономикасын өркендету, елді мекендерде адам өмірі мен денсаулығына қолайлы орта қалыптастыру, тұрғындардың бірлігі мен ынтымағын арттыру, жастардың білімі мен тәртібін жақсарту, ауыл тазалығы мен мәдениетін көтеру, бұқаралық спортты дамыту, тұрғындардың бос уақытын тиімді пайдалану, ақсақалдардың белсенділігін арттыру және кәсіпкерлерді туған жерге жанашырлықпен қарауға, патриотизм мен әлеуметтік жауапкершіліктің үлгісін көрсетуге ынталандыру болып табылады.

«Үлгілі ауыл» байқауы 2025 жылы 1 наурыз бен 1 шілде аралығында өтеді. Осы мерзім ішінде ауылдық округ әкімдеріне дайындық жұмыстарын жүргізу тапсырылды. Байқау жеңімпаздарын анықтау үшін комиссия мүшелері маусым айының соңына дейін ауыл әкімдерінің ұсынысы бойынша елді мекендерді аралап, бағалау жұмыстарын жүзеге асырады. Аудан көлемінде жеңімпаз атанған ауыл облыстық кезеңге жолдама алып, облыс бойынша бақ сынасады.

Бұл байқау аясында ауылдардың әлеуметтік және мәдени дамуының маңыздылығы ерекше атап өтіледі. Елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған шаралар қолға алынып, тұрғындардың белсенділігі мен жергілікті кәсіпкерлердің қатысуы арқылы ауылдық жерлердің тіршілігі жаңғырады.

Төлеби ауданының экологиялық ахуалын жақсарту және табиғатқа қамқорлық жасау мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық акциясы белсенді түрде жүргізіліп келеді. Бұл акция 2024 жылдың сәуір айында Мемлекет басшысының тапсырмасымен алғаш рет іске қосылған болатын. Акция бірнеше кезеңге бөлініп, ауыл-аймақтар мен тарихи ескерткіштерді тазалау, көшеттер отырғызу, өзен-көлдердің жағалауларын қоқыстан тазарту сияқты экологиялық іс-шараларды қамтиды. Төлеби ауданында осы акция аясында көптеген тазалық жұмыстары атқарылды. Айталық, 1110 шақырым жолдар, арықтар, өзендер мен каналдар тазаланып, 3643 қураған ағаш бұталып, көптеген саябақ пен аллеялар абаттандырылды. Сонымен қатар, Ленгір қаласындағы саябақтар мен көше бойындағы гүлзарларға 14 мыңнан астам маусымдық және раушан гүлдері егілді.

«Таза Қазақстан» акциясының мақсаты – тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, тазалыққа деген жауапкершілікті арттыру және табиғатты қорғауға ұмтылысты күшейту. Бұл іс-шаралар тұрғындардың белсенді қатысуымен өткізіліп, жергілікті бюджеттен экологиялық және санитарлық тазалыққа үлкен қаржы бөлініп отыр. Облыс әкімінің орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың бақылауымен ауданда өзен бойларын, жолдарды тазалау, күл-қоқысты шығару жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде.

«Үлгілі ауыл» байқауы мен «Таза Қазақстан» акциясы бірлесіп ауданның экологиялық ахуалын жақсартып, тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға ықпал етеді. Бұл бастамалар арқылы Төлеби ауданының тұрғындары өз жерінің тазалығы мен көркін сақтауға, табиғатты қорғауға атсалысып, ауылдық жерлердің әлеуетін көтеруге зор үлес қосуда. Осындай жүйелі әрі ауқымды жұмыстардың арқасында аудан табиғи ресурстарын тиімді пайдаланып, әлеуметтік-экономикалық дамуға негізделген тұрақты әрі көрікті өңірге айналуда. Тұрғындар мен билік арасындағы тығыз ынтымақтастық пен жауапкершілік арқасында Төлеби ауданы өзінің болашағын жарқын ете түседі.

Previous Post

Түркістанда 100-ге жуық отбасына баспана кілті мен домбыра тарту етілді

Next Post

Түркістанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша жаңа техника тапсырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz