gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша жаңа техника тапсырылды

5 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда «Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша жаңа техника тапсырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда «Жұмысшы мамандықтар жылына» орай және «Таза Қазақстан» бағдарламасын сапалы жүзеге асыру мақсатында шаһардағы коммуналдық сала өкілдеріне арнайы техникалар тапсырылды. Салтанатты іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров арнайы қатысып, жұмысшы мамандар мен еңбек адамдарын марапаттап, құрмет көрсетті.

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялады. Бұл бастама – еліміздің экономикалық дамуы мен әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға бағытталған үлкен қадам. Биыл облыста «Өңірлік жұмыспен қамту картасына» сәйкес, 130 мыңнан астам жаңа жұмыс орындары ашылса, оның 60%-ға жуығы жұмысшы мамандықтарына арналған. Облысымыздағы 30 колледжде жұмысшы мамандықтар даярланады, онда 16 мыңнан астам жас білім алуда. Құрметті еңбек адамдары! Сіздердің еңбекке адалдықтарыңыз бен кәсіби шеберліктеріңіз – өскелең ұрпақ үшін үлкен үлгі. Мемлекет басшысының бастамасымен іске асып отырған «Таза Қазақстан» бағдарламасы арқылы тұрғындардың санасында экологиялық мәдениет қалыптасуда. Бүгін табысталған жаңа техника тазалық жұмыстарын жалғастырып, қаламыздың гүлденуіне өз септігін тигізетініне сенімім мол. Отбасыларыңызға бақ-береке, бірлік, жұмыстарыңызға толағай табыс тілеймін! – деді Нұралхан Көшеров.

Салтанатты іс-шарада облыс әкімі бір топ азаматқа Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің «Еңбек ардагері» төсбелгісін, «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының құрметті қызметкері» төсбелгісін, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің «Құрмет» грамотасын тапсырды. Сонымен бірге облыстық мәслихат төрағасы Нұралы Әбішов еңбегімен дараланған азаматтарға ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің Алғыс хатын табыстады.

Дәнекерлеуші, электрші, су маманы, жүргізушілер, коммуналдық саланың қарапайым қызметкерлері марапатталды.

Қазіргі таңда Түркістан қаласының аумағында «Түркістан Жарық Тазалық» ЖШС-нің 35 техникасы санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізуде. 2025 жылы Түркістан қаласының коммуналдық меншігіне 29 техника сатып алуға конкурс өткізіліп, әкелінді. Бүгін соның 21-і тапсырылды. Бұл техникалар қаланы абаттандыруға, тазалауға, «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жандандыруға серпін бермек.

Previous Post

Төлеби ауданы көрікті өңірге айналып келеді

Next Post

Ордабасылықтар алдағы жылы 100 пайыз табиғи газбен қамтылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz