gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Келес ауданында ауыз су тапшылығын шешу үшін ірі қоймалар салынады

8 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келес ауданында ауыз су тапшылығын шешу үшін ірі қоймалар салынады
Share on FacebookShare on Twitter
Түркістан облысы, Келес ауданындағы ауыз су тапшылығын түбегейлі шешу мақсатында екі ірі ауыз су қоймасын салу жоспарланған. Атап айтқанда, Алпамыс батыр ауылдық округінде 4 гектар аумақта сыйымдылығы 20 000 м³ болатын су қоймасының және Біртілек ауылдық округіне қарасты Көлтоған елді мекенінде 1 гектар аумақта сыйымдылығы 600 м³ су қоймасының құрылысын жүргізу көзделуде.
Аталған құрылыс жұмыстары «Түркістан облысы Келес ауданы елді мекендері үшін су жинау имараты мен жеткізуші су құбырларының құрылысы» жобасы аясында жүзеге асады. Жобалау-сметалық құжаттаманы «МПК Проект» ЖШС әзірлеуде. Жоба іске қосылған жағдайда, Абай ауылы мен оған іргелес екі ауылдық округтің 25 000 тұрғыны тәулік бойы үздіксіз таза ауыз сумен қамтылады.
Қазіргі таңда Келес ауданындағы 83 елді мекеннің 64-і ауыз сумен қамтамасыз етілген. Бұл жалпы халықтың 88,4%-ын құрайды. Қалған 19 елді мекендегі мәселе кезең-кезеңімен шешілуде. Оның ішінде, 14 ауылда су нысанының құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар жаз мезгілінде су тұтыну көлемінің артуына байланысты Абай ауылындағы су тапшылығы байқалған мөлтек аудандарға кесте бойынша арнайы көліктермен ауыз су жеткізіліп отыр. 4-аумақтағы су тазартатын модульді құрылғылар толық жөндеуден өткізіліп, іске қосылды. Тағы қосымша ауыз су шықпайтын нүктелерде 2 су тазартатын модуль салу жоспарлануда.
Previous Post

Түркістанда халық саны өсіп, экономика мен туризм саласы дами түсуде

Next Post

Келес ауданында жібек құртын өсіру бойынша жаңа өндіріс орны құрылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz