«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында бүгін Сайрам ауданында жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды. Ауқымды шараға аудан әкімі Арман Сабитов, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш, бөлім басшылары, аудандық мәслихат депутаттары, еріктілер мен жергілікті тұрғындар белсене қатысып, қоршаған ортаны таза ұстау мен табиғатты қорғауға өз үлестерін қосты. Бұл — туған жерге деген жанашырлық пен азаматтық белсенділіктің нақты көрінісі.
Шара барысында аудан аумағындағы қоғамдық орындар мен саябақтар тазартылып, көшелер мен аулалардан қоқыстар жиналды. Сонымен қатар, экологиялық мәдениет пен табиғатты қорғау мәселелері туралы тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аудан әкімі Арман Сабитов сенбіліктің қоршаған ортаны сақтау және экологиялық жағдайды жақсарту жолындағы маңызды қадам екенін атап өтіп, халықты осындай шараларға белсене қатысуға шақырды.
«Таза Қазақстан» бағдарламасы еліміздің экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында қолға алынған ауқымды бастама. Осы бағдарлама арқылы тұрғындар табиғатқа қамқорлықпен қарауға, табиғаттың байлығын қорғауға және қоршаған ортаға деген жауапкершілікті сезінуге үйретілуде. Сондай-ақ, бұл шараның маңызы — халықтың экологиялық сана-сезімін арттыру мен елдің жалпы дамуына қосылған үлес деп бағаланды.
Осылайша, сенбілікке қатысқан азаматтар туған жеріне деген сүйіспеншілігін білдіріп, табиғатты қорғау жолында бірігіп жұмыс істеп, оң өзгерістерге үлес қосуда.



