gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Қоғам

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын жандандыру күшейтіледі

4 июля, 2025
in Қоғам
0
Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын жандандыру күшейтіледі
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтің қатысуымен су мәселелеріне арналған маңызды мәжіліс өтті. Жиында облыс аумағындағы су үнемдеу технологияларын енгізу және вегетациялық маусымның өту барысы қаралды.

Министр өз баяндамасында, елімізде ағын су көлемінің азайып келе жатқанын және осыған байланысты су үнемдеуді басты міндетке алу қажеттігін атап өтті. Осы орайда ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын қолдану және шаруаларға қолдау көрсету арқылы мәселені шешу бағытында маңызды қадамдар жасалатынын мәлімдеді.

– 10 маусымнан бастап күшіне енген жаңа Су кодексі аясында су үнемдеуге басымдық беріледі. Бұл технологияларды енгізу – заманауи талап және мемлекет тарапынан толық қолдау көрсетіледі, – деді Нұржан Нұржігітов.

Өз кезегінде, Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс аумағында су нысандарының инфрақұрылымын дамыту өзекті мәселелердің бірі екенін атап өтті. Әкімнің айтуынша, облыста су үнемдеу технологияларын енгізу үшін биыл 27 мың гектар жерге технология енгізу жоспарланса, іс жүзінде 59 мың гектарға енгізілмек.

– Осы жылдағы жоспарының 46 мың гектары орындалды. Қалған жұмыстары вегетация маусымының соңына дейін аяқталады. Су үнемдеу технологияларын енгізу үшін қолдаулар жалғаса береді, – деп атап өтті облыс әкімі.

Министрдің қолдауымен биыл бірқатар су нысандарына күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған. Жиында облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков ағымдағы вегетациялық кезең мен оның өту барысы туралы есеп берді. Биыл 890 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егілді, оның ішінде 552 мың гектар суармалы жерлерді құрайды.

Сондай-ақ, 2023-2024 жылдары облыс су шаруашылығын жақсарту мақсатында 5,4 млрд теңге қаржы қарастырылып, 13 су нысанына күрделі жөндеу жүргізіледі. Бұдан бөлек, су шаруашылығы кәсіпорындары қажетті техникалармен қамтамасыз етілген. 60 арнайы техника сатып алынып, олармен 533,4 шақырым каналдарды тазалау жұмыстары атқарылуда.

Су үнемдеу, инфрақұрылымды қалпына келтіру және су ресурстарын тиімді пайдалану бойынша кешенді жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Previous Post

Үкіметте негізгі энергетикалық және ақпараттық-коммуникациялық жобалардың жүзеге асырылу барысы қаралды

Next Post

Кентаудағы Руханият орталығында «Дәстүр» медиастудиясы ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz