gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Кентаудағы Руханият орталығында «Дәстүр» медиастудиясы ашылды

4 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентаудағы Руханият орталығында «Дәстүр» медиастудиясы ашылды
Share on FacebookShare on Twitter
Кентау қаласында «Кентау қалалық Руханият орталығы» жанынан жаңа «Дәстүр» медиастудиясы ашылды.
Ашылу рәсіміне қала әкімі Жандос Тасов, қалалық мәслихат төрағасы Қаблан Елеусізов, қала әкімінің орынбасары Ақнұр Байболова және қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Бауыржан Жорабеков қатысты.
Жаңа медиастудия – ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүр мен рухани бағыттағы мазмұнды кеңінен насихаттайтын заманауи алаң. Бұл бастама жастардың діни сауаттылығын арттыруға, дәстүр мен тәрбиені насихаттайтын бейнероликтер, бағдарламалар әзірлеуге жол ашады.
Салтанатты шарада қала әкімі Жандос Тасов медиастудия жұмысына сәттілік тілеп, бұл жобаның қоғам үшін маңызын ерекше атап өтті.
Айта кетейік, «Кентау қалалық Руханият орталығы» КММ 2024 жылы 26 наурызда құрылып, облыс бойынша алғашқы осындай бағыттағы мекеме болып табылады. Мекеменің басты мақсаты – Кентау қаласы мен оған қарасты ауылдарда руханият, дін мәселесі мен ұлттық салт-дәстүрді үйлестіре дамыту.
Қазіргі таңда орталықта 12 маман қызмет атқарады. Орталықтың директоры Қанат Бекметов. Мұнда дін және руханият бағытында екі бөлім жұмыс істейді. Атап айтқанда, діни экстремизмнің алдын алу, ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жастармен түсіндірме кездесулер өткізу сынды маңызды бағыттар қамтылған.
Previous Post

Түркістан облысында су үнемдеу технологияларын жандандыру күшейтіледі

Next Post

2025 жылғы 1 тамызда Қазақстанда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz