gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласында кәріз жүйелерін дамыту бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылуда

25 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан қаласында кәріз жүйелерін дамыту бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласы әлеуметтік-экономикалық дамудың маңызды кезеңін бастан өткізіп отыр. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы бүгін арнайы брифинг өткізіп, 2025 жылдың қаңтар-мамыр айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша атқарылған жұмыстар мен жоспарларды баяндады. Оның ішінде қала аумағында жүзеге асырылып жатқан кәріз жүйелерін дамыту мәселесі басты назарда болды.

Әкімнің айтуынша, Түркістан қаласында 2020-2025 жылдар аралығында кәріз инфрақұрылымын жетілдіру бағытында ауқымды жобалар қолға алынған. Қазіргі таңда қала бойынша ұзындығы 263,3 шақырымды құрайтын сарқынды су жүйелері тартылып, бұл жұмыс қала аумағындағы магистралды желілермен қатар, ішкі орам көшелерін де қамтуда.

Жобалар аясында инженерлік инфрақұрылымды толық қамту мақсатында бірқатар жаңа нысандардың құрылысы жоспарланған. Олардың ішінде 5 сарқынды суларды тазарту имараты, 21 канализациялық сорғы станциясы және 4 шығын реттегіш құдық бар. Бұл құрылыс нысандары іске қосылған соң, кәріз жүйесінің қуаттылығы артатын болады, бұл өз кезегінде қала тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда қалада 27 канализациялық насос станциясы (КНС) жұмыс істеп тұр. Оның 7-і 1980 жылы, 3-еуі 2010 жылы, ал қалған 17-сі 2014 жылы пайдалануға берілген. Қолданыстағы сарқынды су құбырларының ұзындығы 401,6 шақырымды құрап, бұл желілерге 17 581 абонент қосылған. Орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші қазіргі кезде 36,5 пайызды құрайды.

Қала тұрғындарын толық кәріз жүйесіне қосу мақсатында бүгінгі күні 13 нысанның құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде 7 нысанды 2025 жылдың соңына дейін аяқтап, пайдалануға беру жоспарланып отыр. Бұл жобалардың іске асуы қаладағы кәріз жүйесінің тиімділігін арттырып, тұрғындардың өмір сүру сапасын жоғары деңгейге көтеруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, кәріз жүйесі құрылысы аяқталған 159 көшеде асфальт төсеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Қаладағы негізгі магистралды көшелерде жол жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Алдағы уақытта абоненттік қосылымдарды жедел іске асыру арқылы асфальттау жұмыстарын кешіктірмей аяқтау көзделуде.

Бұл ауқымды жобалар Түркістан қаласының инфрақұрылымын жаңғыртып, қала тұрғындарының өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Previous Post

Биыл Түркістанда 159 көше жөндеуден өтеді

Next Post

Төлеби ауданында жаңа әлеуметтік және экономикалық жобалар жүзеге асып жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz