gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында жаңа су қоймалары салынып жатыр

20 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында ағын су тапшылығын еңсеру шаралары күшейтілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында су тапшылығын азайту және суармалы жерлерді тұрақты сумен қамтамасыз ету мақсатында жаңа су қоймаларының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бұл жұмыстар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында жүзеге асып жатыр.

Бүгінде «Бәйдібек ата» су қоймасы бой көтеруде. Сонымен қатар, «Боралдай» су қоймасы жобасының құрылысы басталған. Бұл екі ірі жобаның жүзеге асуы «Бөген» су қоймасына қосымша 113 млн текше метр су бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл көрсеткіш өңірдегі суармалы жерлердің өнімділігін арттырып, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға серпін береді.

Облыс әкімінің мәліметінше, биылғы жылы Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 890 мың гектар алқапқа егілген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 17 мың гектарға артық. Оның ішінде 552 мың гектары – суармалы жер. Қазіргі таңда вегетациялық маусым қалыпты жағдайда өтіп, шаруалар қажетті көлемдегі ағын сумен қамтылуда.

– Егістікке қажетті су көлемі фермерлердің сұранысына сәйкес бөлініп отыр. Бұл бағыттағы жұмыстар толық бақылауда. Жаңа су қоймалары – өңірдің аграрлық әлеуетін арттыратын стратегиялық нысандар, – деді Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров.

Сондай-ақ, Ордабасы және Сауран аудандарында қосымша су қоймаларын іске қосу көзделуде. Бұл құрылымдар тәулігіне 194 текше метрге дейін су беруге мүмкіндік береді.

Аталған жобалар аяқталған соң, өңірдегі егіс алқаптарының өнімділігі артып, су тапшылығының кері әсері едәуір азаяды деп күтілуде. Түркістан облысы үшін су ресурстарын тиімді басқару – ауыл шаруашылығы мен азық-түлік қауіпсіздігінің негізгі кепілі саналады.

Previous Post

Түлкібаста жаңа медиа студия ашылды

Next Post

Ханарықта халықты қуантқан көпір ашылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz