gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Саурандағы «Үкаша ата» кесенесі маңында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді

16 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Саурандағы «Үкаша ата» кесенесі маңында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданында еліміз бойынша жалпыхалықтық сипат алған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды іс-шаралар жүйелі түрде жүзеге асуда. Бұл жолы тарихи-рухани орындардың бірі – «Үкаша ата» кесенесінің аумағы санитарлық тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді.

Қасиетті орындарды ретке келтіруге арналған бұл іс-шара Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған ауқымды экологиялық жобаның бір бөлігі. Президент өз Жолдауларында елдегі экологиялық мәдениетті арттырудың, қоршаған ортаны қорғаудың маңызын атап өтіп, бұл бағытта барша қоғамды жұмылдыру қажеттігін бірнеше рет көтерген болатын.

«Киелі мекен» айдары аясында өткен тазалық іс-шарасына Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров арнайы қатысып, жергілікті тұрғындар және мемлекеттік қызметшілермен бірге тазалық жұмыстарына белсенді атсалысты.

– Қасиетті орындарды көркейту бұл тек сыртқы тазалықты қамтамасыз ету емес, ұлттық сананы жаңғыртудың, тарихи жадыны сақтау мен өскелең ұрпаққа өнеге көрсетудің бір жолы. Біздің міндет – тек қана кесене маңын ретке келтіру емес, сол арқылы туризмді дамытуға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ықпал ету. Қазіргі таңда аудан аумағында 53 тарихи-мәдени ескерткіш бар, олардың барлығында тазалық жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде, – деді аудан басшысы.

Абаттандыру жұмыстары барысында жалпы көлемі 90 гектарға жуық аумақта бейберекет өскен ағаштар мен қураған шөптер жиналды. Сонымен қатар, шамамен 100 метрге жуық бұлақ көзі аршылып, құдық маңы күл-қоқыстан, тасталған металл және тұрмыстық қалдықтардан тазартылды.

Экологиялық шараға ауылдық округтерден келген жүзге жуық ерікті мен мемлекеттік қызметкер жұмылдырылды. Олар бірлесіп, ата-баба аманатына айналған кесене маңын ретке келтіруге өз үлестерін қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай іс-шаралар алдағы уақытта басқа да киелі нысандарда жалғасатын болады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бір сөзінде: «Экология – мемлекет қауіпсіздігінің бір бөлігі. Біз табиғатты қорғап, ұлттың экологиялық мәдениетін арттыруымыз керек» деп атап өткен болатын. Бұл тұрғыда «Таза Қазақстан» акциясы ел болашағына жасалған нақты әрі жүйелі қадамдардың бірі. Әсіресе, осындай бастамалардың киелі жерлерде өткізілуі – табиғат пен тарихтың тұтастығын сақтау жолындағы ізгі ниеттің айғағы. Бізді ұлттық болмысты дәріптеу мен қоршаған ортаны аялау ел тұрғындарының ортақ міндетіне айналғаны қуантады.

Previous Post

Жастар – Ел болашағы

Next Post

Жетісайда заманауи медициналық және теннис орталықтары ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz