gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жетісайда заманауи медициналық және теннис орталықтары ашылады

16 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Жетісайда заманауи медициналық және теннис орталықтары ашылады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының Жетісай ауданында денсаулық сақтау мен спорт салаларын дамыту бағытында бірқатар ірі жобалар жүзеге асырылуда. БАҚ өкілдері жақында өңірге жасаған іссапар барысында аудан аумағында салынып жатқан жаңа нысандардың құрылыс барысымен танысты.

Асықата кентінде жеке инвестиция есебінен бой көтерген «Samruk Medical Clinic» көпбейінді медициналық орталығы заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған. Аталған нысан ауыл тұрғындарының өмір сапасын арттыруға, білікті медициналық көмек алуға қолайлы жағдай жасауға бағытталған. Құрылысы 2024 жылдың мамыр айында басталған орталықта 130 жоғары білікті дәрігер қызмет атқарады.

Мұнда күрделі операциялар жасау мүмкіндігі қарастырылған, сондай-ақ зертхана, балалар мен ересектерге арналған екпе бөлмелері, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жеделсаты мен толық жабдықталған жедел жәрдем көліктері бар. Орталықтың күндізгі стационарында 10, тәуліктік стационарында 40, терапия бөлімінде 20, ал травматология бөлімінде 10 төсек орын қарастырылған.

Сонымен қатар, аудан аумағында тағы бір маңызды нысан – заманауи теннис орталығы бой көтеруде. Жеке инвесторлар есебінен салынып жатқан бұл спорт кешені Асықата кентінде орналасқан. Құны 1 млрд теңге болатын кешеннің жалпы аумағы – 1 гектар. «SPORT ASSET MANAGEMENT» қоғамдық бірлестігі қолға алған жобада бір мезетте 200-ге жуық адам жаттыға алады.

Спорт орталығында екі жаттығу залы қарастырылған: бірінде 9 теннис үстелі орнатылса, екіншісінде 3 күрес кілемі, бокс рингі және фитнес құралдары орналастырылады. Өткен жылы басталған құрылыстың биыл аяқталып, пайдалануға берілуі жоспарлануда. Ауданда алғаш рет салынып жатқан бұл кешен келешекте республикалық және халықаралық жарыстарды өткізуге мүмкіндік береді.

Іссапар барысында журналистер Абай ауылдық округіндегі «Смайл» шаруа қожалығының жұмысымен де танысты. Қожалық 230 гектар жерге қытайлық мақта шитін, 10 гектарға көкөніс, 20 гектарға бақша дақылдарын еккен. Ағын су тапшылығының алдын алу және өнім көлемін арттыру мақсатында 177 гектар алқапқа су үнемдеу технологиясы енгізілуде. Жоба «BNK GROUP» компаниясымен бірлесіп жүзеге асырылуда.

– Гектарына кететін шығынның 80 пайызы мемлекет тарапынан субсидияланады. Су үнемдеу технологиясы өнімді 2–2,5 есеге дейін арттыруға мүмкіндік береді, – дейді қожалық басшысы Смайл Әуезов.

Журналистер қауын-қарбыз жинау науқанын да өз көздерімен көрді. Ауыл шаруашылығымен ұзақ жылдардан бері айналысып келе жатқан Қайрат Жақыпов есімді шаруа 30 гектар алқаптың жартысына «Бакинка» қауын сортының көшеттерін отырғызып, қалғанына мақта шитін еккен. Көшеттер жоспардағы 65 күнде емес, биылғы ауа райына байланысты 70 күнде өнім беріп отыр.

Сапар соңында БАҚ өкілдері ауданда жүргізіліп жатқан ауызсу инфрақұрылымы жобаларымен танысты. Жетісай ауданының әкімі Серік Мамытовтың тапсырмасымен бүгінде өңірдегі барлық 105 елді мекен толықтай орталықтандырылған ауызсу жүйесіне қосылған.

Ауданда 83 ауызсу ұңғымасы, 85 су мұнарасы және 24 су сақтағыш жұмыс істеп тұр. Санитарлық қорғау аймақтары талапқа сай жабдықталған. Жалпы 1 197 шақырымдық су құбырларының 81,5 пайызы қанағаттанарлық жағдайда.

Previous Post

Саурандағы «Үкаша ата» кесенесі маңында ауқымды тазалық жұмыстары жүргізілді

Next Post

Жетісайда 11 жоба іске қосылып, 2 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz