gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарыағашта «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең ауқымды сенбілік өтті

15 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сарыағашта «Таза Қазақстан» акциясы аясында кең ауқымды сенбілік өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» ұлттық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға аудан әкімдігі қызметкерлері, мекеме ұжымдары, еріктілер мен тұрғындар белсене қатысты.

Тазалық жұмыстарына аудан әкімі Арман Абдуллаев та арнайы қатысып, тұрғындармен бірге қоршаған ортаны тазартуға атсалысты. Аудан басшысы бірқатар учаскелерді аралап, тазалық және абаттандыру жұмыстарының барысын бақылап, сала басшыларына нақты тапсырмалар берді.

– Бұл науқан – қоршаған ортаны таза ұстаумен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды бастама. Мұндай игі шаралар – ортақ жауапкершілікті арттырып, елді мекендердің көркеюіне ықпал етеді, – деді аудан әкімі.

Сенбілік таңғы сағат 08:00-де басталып, ауданға қарасты мекемелер өздеріне бекітілген аумақтарда жұмыс жүргізді. Іс-шара барысында республикалық және облыстық маңызы бар автожолдар бойы, қоғамдық орындар мен ішкі көшелер, аулалар мен саябақтар, қоқыстан тазартылып, қураған шөптер мен бұтақтар жиналды.

Сонымен қатар, ағаштар ретке келтіріліп, әктеу-сырлау жұмыстары жүргізілді.

Previous Post

Қазығұрт ауданында 1 наурыздан бері 14 сенбілік ұйымдастырылып, оған 7 мыңға жуық тұрғын қатысқан

Next Post

Жастар – Ел болашағы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz