gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазығұртта экологиялық тазалыққа бағытталған жалпыхалықтық сенбілік өтті

14 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қазығұртта экологиялық тазалыққа бағытталған жалпыхалықтық сенбілік өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең ауқымды жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды. Қоғамдық маңызы зор шараға ауданға қарасты мекеме қызметкерлері, ауыл округтері әкімдіктері, жастар мен ауыл тұрғындары белсенді түрде атсалысты.

Сенбілік жұмыстары «Шымкент – Ташкент» бағытындағы республикалық автожол бойында, сондай-ақ аудан аумағындағы елді мекендерде қатар жүргізілді. Тазалық шарасы барысында жол жиегінде жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы техникалардың көмегімен белгіленген орындарға шығарылды, қураған шөптер мен бұтақтар кесіліп, жасыл желектердің маңы ретке келтірілді, ағаштар әктеліп, декоративті қоршаулар орнатылды және сырланды, бірқатар абаттандыру жұмыстары қолға алынды.

Аудан басшылығы сенбілік барысында ауыл әкімдері мен тиісті мекеме жетекшілеріне экологиялық тәртіп пен тазалықты тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.

– Мұндай сенбіліктер бір реттік шара емес, күнделікті мәдениетке айналуы тиіс. Қоршаған ортаның жай-күйі – әрбір тұрғынның жеке жауапкершілігімен тікелей байланысты, – делінген аудан әкімдігінің мәлімдемесінде.

Айта кетейік, «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы – халықтың табиғатқа жанашырлық сезімін күшейтіп, қоршаған ортаны сақтау мәдениетін қалыптастыруға бағытталған республикалық деңгейдегі маңызды жоба.

Бұл жолы да қазығұрттықтар бірлік пен жауапкершіліктің үлгісін көрсетіп, туған өлкенің тазалығы жолында ортақ іске жұмыла кірісті.

Previous Post

ХАБАРЛАМА

Next Post

Түркістанда өткен сенбілікке 800-ден астам тұрғын қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz