gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Су ресурстары және ирригация вице-министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді

12 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Су ресурстары және ирригация вице-министрі Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министрі Ерболат Ибрайханов жұмыс сапарымен Түркістан облысына келіп, өңірдегі су шаруашылығы саласында атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты.

Сапар барысында вице-министр облыс орталығында орналасқан «Қазсушар» РМК Түркістан филиалына барып, мамандармен және жергілікті атқарушы билік өкілдерімен кездесті. Басқосуға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков, «Қазсушар» РМК Түркістан филиалының директоры Қазыбек Бедебаев, сондай-ақ «Тұран-Су» мекемесінің өкілдері қатысты.

Кездесуде суармалы егістік алқаптарды тиімді сумен қамту, су үнемдеу технологияларын енгізу, ирригациялық жүйелерді жаңғырту мәселелері кеңінен сөз болды. Ерболат Ибрайханов өз сөзінде су тапшылығы мәселесіне ерекше тоқталып, оны шешу бағытында бірқатар нақты ұсыныстарды ортаға салды. Сонымен қатар, ИБР (Ислам даму банкі) бағдарламасы аясында облыс аумағында жүргізіліп жатқан тік ұңғымалар құрылысының биылғы жыл соңына дейін толығымен аяқталуы тиіс екенін ескертті.

– Су ресурстарын тиімді басқару – елдің азық-түлік қауіпсіздігі мен ауыл шаруашылығының тұрақты дамуы үшін аса маңызды. Бұл бағытта жергілікті билік пен тиісті мекемелер арасында өзара үйлесімді жұмыс болуы шарт, – деді вице-министр.

Айта кету керек, бүгінде «Қазсушар» РМК Түркістан филиалы тарапынан 300 шақырымға жуық су арналары механикалық әдіспен тазартылған. Сонымен қатар, ҚР Су ресурстары және ирригация министрлігінің қолдауымен филиалдың техникалық базасы 38 бірлік жаңа техникамен толыққан.

Жұмыс сапары аясында вице-министр аймақтағы бірқатар су нысандарын аралап, жергілікті жағдаймен егжей-тегжейлі танысуы жоспарланған.

Previous Post

Кентау қаласында «Әкелер мектебі» мен «Әжелер алқасы» өскелең ұрпақ тәрбиесінде маңызды бетбұрыс жасап келеді

Next Post

Бауырыңның қателіктерін кешіре біл

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz