gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында қуаты 1000 мвт болатын бу-газ қондырғысының құрылысы жүріп жатыр

5 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан облысында қуаты 1000 мвт болатын бу-газ қондырғысының құрылысы жүріп жатыр
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында қуаты 1000 мегаватт болатын бу-газ қондырғысының (БГҚ) құрылысы қарқын алып келеді. Аталған ірі инфрақұрылымдық жоба Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров құрылыс барысын бақылау мақсатында жұмыс жиынын өткізіп, жобаның орындалу деңгейін, туындаған мәселелерді және алдағы міндеттерді саралады.

– Бұл – өңір үшін стратегиялық маңызы зор жоба. Электр энергиясына деген сұраныс артып келеді. Сондықтан, жұмысты жеделдетіп, сапасын қатаң қадағалауымыз қажет. Жауапты құрылымдарға барынша қолдау көрсетеміз, – деді облыс басшысы.

Жоба «Түркістан БГҚ» ЖШС тарапынан жүзеге асырылуда. Жоба акционері – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры. Қазіргі таңда құрылыс алаңында бетондау жұмыстарының 64 пайызы аяқталған. Металл конструкцияларды орнату 9,2 пайызға орындалған. Құрылыс материалдары мен қажетті құрал-жабдықтар жоспарға сәйкес жеткізіліп жатыр.

Сонымен қатар, нысанға қажетті инфрақұрылым – газ, электр жүйелері тартылуда. Жер телімдерін мемлекет меншігіне өткізу жұмыстары қатар жүргізіліп отыр.

Жиын барысында жұмысшылар санын көбейту, құрылыс қарқынын арттыру және техникалық қадағалауды күшейту мәселелері сөз болды. Облыс әкімдігі тарапынан қолдау шаралары қарастырылып, нақты тапсырмалар жүктелді.

Қуаттылығы жоғары бу-газ қондырғысының іске қосылуы Түркістан облысының энергетикалық қауіпсіздігін нығайтып, индустриялық даму әлеуетін арттыруға сеп болады деп күтілуде.

Previous Post

Шардарада туристік аймақтарға инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Next Post

Келес ауданында ауыз сумен қамту жұмыстары жанданды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz