gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ордабасы ауданындағы балалар лагерінде ауқымды сенбілік өтті

14 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ордабасы ауданындағы балалар лагерінде ауқымды сенбілік өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Аудан аумағында орналасқан балалар лагерінде ауқымды сенбілік ұйымдастырылып, тынығу аймағын ретке келтіру мен қауіпсіздік шараларына ерекше көңіл бөлінді. Тазалық жұмыстарына аудан әкімдігіне қарасты мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлері, білім беру, мәдениет және спорт саласының өкілдері, сондай-ақ жергілікті тұрғындар белсенді түрде қатысты. Жалпы саны 500-ге жуық адам жұмылдырылған сенбілік жоғары деңгейде өтті.

Шара барысында тұрмыстық және құрылыс қалдықтары сыртқа шығарылып, 370 дана қураған ағаш кесілді, сондай-ақ 3 гектар жердің шөбі орылды. Сонымен қатар лагер аумағында жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу және абаттандыру жұмыстары да назардан тыс қалған жоқ.

Аудан әкімінің міндетін атқарушы Мейрамбек Ақмұратов пен аудан әкімінің орынбасары Илияс Тұрнияз нысанды аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Олар мердігер мекемелерге жұмыс сапасын басты назарда ұстауды тапсырды. Шара соңында жауапты тұлғалар сенбілікке белсене қатысқан ұжымдарға алғысын білдіріп, мұндай тазалық шаралары алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізіліп отыратынын атап өтті.

Previous Post

Түлкібаста экологиялық туризмнің жаңа кезеңі басталды

Next Post

Түрлі дін – бір Отан

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz