Түркістан қаласында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кең көлемді жалпықалалық сенбілік ұйымдастырылды. Қоршаған ортаны қорғау мен санитарлық тазалықты сақтау мақсатында өткен шараға түрлі сала өкілдері белсене атсалысты.
Тазалық жұмыстарына қалаға қарасты дербес бөлімдер, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері жұмылдырылды.
Сенбілік барысында шаһардың әр түкпірінде ауқымды жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, шөптер шабылып, аяқжолдар сыпырылып, қоқыс жиналды. Экологиялық тұрғыдан маңызды саналатын 18 белгіленген аумақта арнайы тазалық шаралары ұйымдастырылды.
Қала әкімдігі мен тиісті мекемелер алдағы уақытта да өңір экологиясын жақсарту және тұрмыстық тазалықты қамтамасыз ету бағытында жүйелі түрде жұмыстар жүргізуді жалғастырмақ.



