gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Арыс қаласы техникалық мүмкіндігін арттырды

17 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Таза Қазақстан»: Арыс қаласы техникалық мүмкіндігін арттырды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының Арыс қаласында «Жұмысшы мамандықтары жылы» аясында және «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасын сапалы жүзеге асыру мақсатында коммуналдық сала қызметкерлеріне жаңа техникалар табысталды.

Салтанатты шараға Арыс қаласының әкімі Қайсар Маңқараев қатысып, коммуналдық салада еңбек етіп жүрген қызметкерлерге жаңа техникалардың кілтін ресми түрде табыстады. Өз сөзінде қала басшысы жұмысшы мамандық иелерінің қаланың көркеюіне және тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартуға қосып отырған үлесін атап өтіп, алғыс білдірді.

Жаңадан алынған техникалардың қатарында 6 дана МТЗ-82 тракторы бар. Бұл техника қала аумағымен қатар елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Әр трактор қосымша қар тазалайтын, жол сыпыратын құрылғылармен және қатты тұрмыстық қалдықтарды тиеуге арналған құралдармен жабдықталған.

Бұған қоса, алдағы уақытта Арысқа 2 жүк тиегіш пен 6 дана трицикл жеткізілмек. Бұл көліктер қала ішіндегі тазалық жұмыстарын жеделдетіп, жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы, жаңа техникалар Арыс қаласының экологиялық ахуалын жақсартып, санитарлық талаптарды тиімді орындауға әрі тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға өз септігін тигізетіні анық.

Previous Post

Таза Қазақстан: Ордабасыда коммуналдық сала техникалық тұрғыдан жаңартылуда

Next Post

Түркістан облысында елді мекендерді сапалы ауыз сумен және электр қуатымен қамту жұмыстары жалғасуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz