Түркістан облысының Ордабасы ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында коммуналдық сала жұмыстары жаңа деңгейге көтеріле бастады. Осы бағытта арнайы бөлінген қаржының есебінен алынған 4 техника «Темірлан абаттандыру» мекемесіне ресми түрде табысталды.
Аудан әкімдігінің мәліметінше, бұл техника аудан аумағындағы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарын жүйелі әрі сапалы атқаруға септігін тигізбек. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың шілде айының соңына дейін тағы 5 арнайы техниканың жеткізілуі жоспарланып отыр.
Жаңа техникалар көше тазалығы мен жасыл аймақтарды күтіп-баптау жұмыстарының тиімділігін арттыруға, сонымен бірге тұрғындарға қолайлы экологиялық орта қалыптастыруға бағытталған. Аталған шаралар «Таза Қазақстан» ұлттық бағдарламасының талаптарына сай жүзеге асырылып отыр.



