gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Шардара» су қоймасы маңындағы жағажайларда тәртіп пен қауіпсіздік күшейтілді

16 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
«Шардара» су қоймасы маңындағы жағажайларда тәртіп пен қауіпсіздік күшейтілді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысындағы ірі су көздерінің бірі – «Шардара» су қоймасы бүгінде өңірдің туристік әлеуетін арттырып отырған маңызды аймақтардың қатарында. Жазғы шомылу маусымында бұл маңда демалыс жағажайлары көбейіп, келушілердің қарасы артты. Осыған байланысты облыс басшылығы жағажай аумағындағы тазалық пен қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аударып отыр.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров туристік аймаққа арнайы барып, жағажайдың қазіргі жағдайымен танысқан болатын. Жауапты сала мамандарымен кездескен өңір басшысы жағалаудағы түйткілді мәселелерді көтеріп, оны жою бойынша нақты тапсырмалар берді.

Қазіргі таңда жағажай аумағында санитарлық тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың саны арттырылып, суға шомылу аймағында ретсіз орналасқан сәкілер заң талаптарына сай қайта орналастырылуда. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында рейдтік бақылау жұмыстары да күшейтілген.

Атап айтқанда, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жүргізген рейдтік іс-шаралар нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабының 1,2-бөлігіне сәйкес 15 құқық бұзушылық фактісі тіркелді. Сонымен қатар, 505-баптың 1-бөлігімен екі демалыс аймағы басшысына қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Жол қауіпсіздігі бағытында да 28 құқық бұзушылық анықталып, бес автокөлік айып тұрағына қойылды. Барлығы бір тәулік ішінде 45 әкімшілік хаттама рәсімделді.

Жауапты органдар жағалауда қоғамдық тәртіпті сақтау, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды үздіксіз жалғастыруда.

Айта кетейік, туризм саласын дамытуда осындай табиғи аймақтарды тиімді пайдалану маңызды. Бұл орайда тазалық пен тәртіп – ортақ жауапкершілік. Сондықтан мамандар тұрғындар мен қонақтарды демалыс кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады.

Previous Post

Түркістан қаласында 800 отбасы баспаналы болады

Next Post

Таза Қазақстан: Ордабасыда коммуналдық сала техникалық тұрғыдан жаңартылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz