gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан қаласында 800 отбасы баспаналы болады

16 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістан қаласында 800 отбасы баспаналы болады
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында соңғы жылдары тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды дамыту бағытында ауқымды жұмыстар жүзеге асырылып жатыр. Жақында Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы қаладағы жаңа тұрғын үй нысандарын аралап, құрылыс барысымен танысып шықты.

Әкім алдымен Отырар шағын ауданында салынып жатқан 5 қабатты 20 тұрғын үйдің құрылысын бақылап, мердігерлермен нысан басында жиын өткізді. Жалпы аумағы 11,4 гектарды құрайтын бұл жобаны «Project Building» ЖШС жобалаған. Құрылыс аяқталған соң 800 отбасы баспаналы болады деп жоспарланып отыр. Қазіргі таңда ішкі әрлеу жұмыстары толығымен бітіп, аумақты абаттандыру мен көгалдандыру қызу жүргізілуде. Құрылыс жұмыстарының жалпы орындалу көрсеткіші — 95 пайыз.

Қала басшысы тұрғын үйлердің сапасына ерекше мән беріп, жұмыс барысын күнделікті бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті. Құрылыс белгіленген мерзім мен стандарттарға сай аяқталуы тиіс екенін қатаң ескертті. Айта кетерлігі, бұл үйлер «Отбасы банкі» арқылы кезекте тұрған тұрғындарға беріледі. Сондықтан қала тұрғындары аталған банктің бөлімшелерінен кеңес алып, қажетті құжаттарын тапсыра алады.

Сондай-ақ, жуырда Түркістан қаласындағы «Жібек жолы» тұрғын үй кешенінде кезекті жаңа үйлер пайдалануға берілді. Бұл баспаналар әлеуметтік осал топтарға — яғни, көпбалалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты аналар және басқа да әлсіз санаттағы азаматтарға үлестірілді. Атап айтқанда, 48 көпбалалы отбасы мен 36 әлеуметтік әлсіз отбасы қоныс тойын тойлады.

Баспаналы болған тұрғындар Елбасы мен Мемлекет басшысына, жергілікті атқарушы билікке алғысын білдіріп, қолдауды сезініп отырғандарын айтты. Түркі руханиятының символына айналған Домбыра күні пәтер кілтін алған отбасылар ұлттық аспапты да сыйлық ретінде иеленіп, қуаныштары еселене түсті.

Қазіргі таңда Түркістан қаласы бойынша тұрғын үй кезегінде 16 мыңнан астам азамат тіркелген. Былтырдың өзінде 961 отбасы баспанамен қамтылса, биыл бұл көрсеткіш 944 пәтерге жетеді деп жоспарланып отыр.

Түркістан қаласының әкімдігі әлеуметтік маңызы бар осындай жобаларды жалғастырып, алдағы уақытта да қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мен сапалы инфрақұрылым қалыптастыру ісін басты басымдық ретінде қарастыратынын жеткізді. Көне шаһар бүгінде тек тарихи орталық қана емес, сонымен қатар әлеуметтік тұрғыда дамыған, заманауи әрі жайлы өмір сүруге қолайлы қалаға айналып келеді.

Previous Post

Түркістан облысында ауылдық елді мекендердің электр инфрақұрылымы жаңартылуда

Next Post

«Шардара» су қоймасы маңындағы жағажайларда тәртіп пен қауіпсіздік күшейтілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz