gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шардарада «Таза Қазақстан» акциясына белсенді түрде қатысқан үздік елдімекендер анықталмақ

30 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Кентауда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруды басты міндеттердің бірі ретінде атап көрсеткен болатын. Президент өз сөзінде: «Таза табиғат – таза сана мен жоғары мәдениеттің көрінісі. Экология – еліміздің болашағына тікелей әсер ететін маңызды сала» деген еді. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, еліміздің түкпір-түкпірінде табиғатты қорғау, қоршаған ортаны жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Соның жарқын бір көрінісі ретінде Шардара ауданында жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясындағы іс-шараларды айтуға болады.

Шардара ауданында өңір халқының тұрмыс сапасын арттыру, санитарлық жағдайды жақсарту және экологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тікелей тапсырмасымен жүйелі түрде нақты жұмыстар жүргізілуде. Соңғы уақытта аудан аумағында бей-берекет тасталған қоқыс орындарын жою бойынша арнайы тазалық науқаны ұйымдастырылып, тұрмыстық және құрылыс қалдықтарын заңсыз тастау фактілерінің алдын алу шаралары қолға алынды.

Аудан әкімінің тапсырмасына сай, бұл жұмыстар тек қала аумағында ғана емес, ауылдық округтер мен облыстық маңызға ие жолдардың бойларында да атқарылып жатыр. Ескірген, көрінісіне сын келтіретін жарнама құралдары мен қауіпсіздік белгілері жаңартылып, жол бойларындағы шөптер орылып, тазалық сақталуда. Жергілікті әкімдіктер мен коммуналдық қызметтердің ұйымдасқан жұмысының нәтижесінде аудан келбетінде оң өзгерістер байқалуда.

Айта кету керек, аудан әкімдігі бұл бағыттағы жұмыстарды тек маусымдық деңгейде шектемей, оны тұрақты негізде жолға қойып отыр. Елді мекендердің санитарлық тазалығына, абаттандыру жұмыстарына және сыртқы көрінісіне тұрақты түрде мониторинг жүргізіліп, әр айдың қорытындысы бойынша арнайы рейтингтік бағалау жүйесі енгізілген. Бұл рейтинг әлеуметтік желілер арқылы халыққа жария етіліп, әрбір ауыл әкімдігінің жауапкершілігін арттыруға сеп болуда. Жыл соңында аталған көрсеткіштер негізінде үздік елді мекендер анықталып, оларға арнайы сертификаттар мен абаттандыру жұмыстарына қолдау ретінде материалдық көмек берілетін болады.

Мұндай бастамалар, біріншіден, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, екіншіден ауыл-аймақтың келбетін жақсартуға, үшіншіден тұрғындар арасында жауапкершілік пен бірлік сезімін нығайтуға әсер етіп отыр. Бұл тек әкімдік тарапынан емес, аудан тұрғындарының да белсенді түрде қатысуын талап ететін ортақ міндет.

Жалпы алғанда, «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы мұндай  бастамалар Шардара ауданында бір реттік шара ретінде емес, ұзақ мерзімді, тұрақты экологиялық саясаттың бір бөлігіне айналып келеді. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластамау, санитарлық тазалықты сақтау бүгінгі ғана емес, болашақ ұрпақ алдындағы зор жауапкершілік екенін түсінген аудан тұрғындары да бұл іске атсалысып, өз үлестерін қосып келеді.

Шардара – тек шежірелі тарихымен емес, бүгінгі даму жолындағы жаңа бастамаларымен де ерекшеленетін өңір. Ауданның әрбір тұрғыны бұл игі іске қатыса отырып,  туған жерінің гүлденуіне және еліміздің экологиялық дамуына үлес қосуда.

Previous Post

Түркістан облысының спортшылары «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сенбілік өткізді

Next Post

Түркістан облысында экономикалық өсім мен экспортты ұлғайтуға бағытталған жобалар іске қосылады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz