gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шардарада жағажайлар мен демалыс орындарында санитарлық жағдайын бақылайтын мобильді топ құрылды

5 июня, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Шардарада жағажайлар мен демалыс орындарында санитарлық жағдайын бақылайтын мобильді топ құрылды
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауларында экология мәселесіне ерекше көңіл бөліп келеді. Ел Президенті: «Таза табиғат – әрбір азаматтың өмір сүру сапасына тікелей әсер етеді. Біз табиғатты сақтауға және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға барынша күш салуымыз қажет», – деп атап өткен болатын. Бүгінде Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасымен еліміздің барлық өңірлерінде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды іс-шаралар атқарылуда.

Айталық, Түркістан облысы Шардара ауданында да бұл бағыттағы жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде. Жалпы Шардара өңірімізде табиғаты көркем, дариямен шектесетін, туризм мен ауыл шаруашылығы қатар дамып келе жатқан маңызды аудандардың бірі. Шардара су қоймасы мен оған жапсарлас жағажайлар жыл сайын мыңдаған демалушыларды қабылдайтын ерекше табиғи аймақтардың бірі саналады.

Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес, жағажайлар мен демалыс орындарында санитарлық жағдайды қадағалау, табиғатты аялау мәдениетін қалыптастыру мақсатында арнайы мобильді топ құрылып, тұрақты түрде рейдтік шаралар ұйымдастырылуда. Жақында осы мобильді топ аудан аумағындағы су айдындарын, демалыс аймақтарын аралап, тазалықтың сақталуына, экологиялық заңнама талаптарының орындалуына мониторинг жүргізді.

Мобильді топтың құрамында аудан әкімінің орынбасары Еркебұлан Каратунов бастаған жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, аудандық полиция бөлімі қызметкерлері, табиғатты қорғау мекемесінің мамандары және белсенді азаматтар бар. Олар халық көп жиналатын жерлерде тұрғындармен және кәсіп иелерімен кездесіп, экологиялық жауапкершілік, тазалық сақтау ережелері, тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға тастау қажеттілігі туралы кең көлемде түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сонымен қатар, демалыс орындарында қызмет көрсетіп жүрген кәсіпкерлерге санитарлық нормалар мен экологиялық талаптарды сақтау жөнінде нақты нұсқаулықтар берілді. Су айдындары маңындағы қауіпсіздік шаралары, қоқыс жәшіктерінің жеткілікті болуы, кәріз жүйелерінің талапқа сай жұмыс істеуі рейдтің негізгі назарында болды. Бұл жұмыстардың барлығы аудан тұрғындары мен қонақтарының экологиялық мәдениетін арттыруға, су қоймасы аумағының тазалығын сақтауға бағытталған.

Мұндай шаралар тазалық үшін ғана емес, жалпы қоғамда табиғатқа деген жанашырлықты қалыптастыру үшін де қажет. Әсіресе, жазғы демалыс кезеңінде жағажайларда адам саны артатын уақыттарда бұл жұмыстар одан әрі күшейтіліп, апта сайын тұрақты түрде жүргізілуде. Мобильді топ өз жұмысын тек ескерту немесе бақылау аясында шектемей, сонымен бірге тұрғындарға табиғатты аялаудың маңыздылығын түсіндіріп, экологиялық мәдениеттің қалыптасуына үлес қосуды мақсат еткен.

Шардара ауданы өңірімізде ауыл шаруашылығымен емес, экологиялық туризм бағытымен де танымал өңір. Сондықтан, дария жағасындағы тынығу аймақтары аудан тұрғындарының емес, облыс көлеміндегі қонақтардың да сүйікті демалыс орындарының бірі деуге болады. Ал, ондағы тазалық пен тәртіпті сақтау  тек әкімдік пен құзырлы органдардың ғана емес, барша азаматтардың ортақ міндеті болуы тиіс.

Previous Post

Сауран ауданы Ибата елді мекенінде электрмен қамтамасыз ету нысанының құрылысымен жүргізілуде

Next Post

Шардарада туристік аймақтарға инфрақұрылым тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz