gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ғаламтор кеңістігіндегі діни насихат

6 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Ғаламтор кеңістігіндегі діни насихат
Share on FacebookShare on Twitter

Адамзат  XX  ғасырдың  екінші  жартысынан  бастап  технологиялық  төңкеріс  кезеңін бастан кешуде. Бүгінгі біз өмір сүріп отырған XXI ғасыр –инновацияның шарықтау кезеңіне жетіп қалған  заман.  Жаңа  технология  көз  ілеспес  жылдамдықпен  қарқынды  түрде  дамып  келеді.  Осы факторлардың  себебінен  өндірістік  қоғам  виртуалды  қоғамға  айналып  үлгерді.  Сол  себептен қоғамдағы  қатынастардың  форматы  да  виртуалды  қоғам  талаптарына  сай  трансформацияға ұшырады.  Қоғамдағы  діни  қатынас  та  бұл  өзгерістен  тысқары  қалмады.  Қоғамның  рухани қажеттіліктерін қанағаттандыратын бұл сала да жаңа формаға және жаңа форматқа енді. Демек, дінді насихаттаудың әдіс-тәсілдері де жаңа қоғамға және жаңа қоғамдық санаға сәйкес жүргізіледі.

Жалпы әлемдік желіні пайдаланушылар арасында Ислам дінінің қарсыластары құрған тұзаққа ілініп, теріс бағытқа бет бұрған азаматтарымыз жыл санап көбейіп келеді. Соның салдарынан көпшілік Ислам дінін қоғамға, бүкіл әлемге төнген қауіп-қатер ретінде қабылдайтын жағдай қалыптасты.

Ғаламтордағы діни насихаттың артықшылықтары

  1. Кең ауқымды аудиторияға жету: Ғаламтор арқылы діни ақпараттар әлемнің түкпір-түкпіріне таралады.
  2. Жылдамдық пен қолжетімділік: Кез келген уақытта, кез келген жерде діни мәліметтерге қол жеткізу мүмкіндігі бар.
  3. Әртүрлі форматтағы контент: Мәтін, аудио, видео түріндегі материалдар арқылы діни білім беру тиімділігі артады.

Ғаламтордағы діни насихаттың қауіптері

  1. Деструктивті ағымдардың ықпалы: Ғаламторда теріс діни ағымдардың материалдары кеңінен таралуда.
  2. Діни сауатсыздықтың салдары: Кейбір жастар ғаламтордағы ақпараттарды дұрыс түсінбей, адасуы мүмкін.
  3. Жалған ақпараттың таралуы: Ғаламторда сенімсіз дереккөздерден алынған жалған діни мәліметтер көп.

Шешу жолдары:

– Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) ғаламторда белсенділік танытып, сенімді ақпарат көздерін ұсынуы қажет.

– Жастар арасында діни білім беру жұмыстарын күшейту маңызды.

–  Теріс діни ағымдардың материалдарын анықтап, оларды бұғаттау шараларын жүргізу қажет.

Қорытындылай келсек, интернет желісінің өзіндік ерекшеліктері діни тұрғыда күн санап артып келеді. Интернет өз алдына виртуалды ақпараттық қоғамды қалыптастырып, діни аспектілерді  де  қамтып  үлгерді.  Қоғамдық  сипат  алған  бұл  құбылысқа  икемделе  отырып, қоғамдағы діни қатынастарды реттейтін сегмент қалыптастырудың Қазақстан қоғамы үшін маңызы өте зор. Бұл мәселеге негіз болып отырған фактор – қазіргі заман талабы. Виртуалды ақпараттық қоғам форматына сай икемделе отырып, интернет ресурстарын қолдану арқылы дінді насихаттау – ақпараттық  қоғамның  қажеттілігі.  Осы  қажеттіліктің  орнын  толтыра  алмаған  кез-келген  дін ерушілерінен көз жазып, сол дінді ұстанатындардың қатары сирей береді. Кез-келген дін сол дінді ұстанатындардың және жақтайтындардың саны мен сапасынақарай қуатты болады. Интернеттің осындай тиімділігін сезінген кез-келген дін оны пайдаланудан шектелмеді.

Қ.Молдабек,

Теолог маман

Previous Post

Хабарлама

Next Post

Сайрам ауданында газдандыру жұмыстары қарқын алды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz