gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сайрам ауданында газдандыру жұмыстары қарқын алды

6 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Келес ауданында табиғи газбен қамту көрсеткіші 71 пайыздан асты
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының қайта құрылған 2018 жылдан бергі даму серпіні – ел назарында. Әсіресе, өңірдегі ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымдық әлеуетін көтеру бағытында нақты істер жүзеге асып жатыр.

Айталық, облыс аумағында табиғи газбен қамту – басты міндеттердің бірі болып қала береді. 2018–2024 жылдар аралығында өңірде 115 газ нысанының құрылысы аяқталып, нәтижесінде 563 елді мекенге «көгілдір отын» жеткізілді. Осылайша облыс халқының 69,7 пайызы газға қол жеткізіп отыр. Бұл дегеніміз – 1,8 миллионнан астам тұрғынның тұрмыс сапасы артып, экологиялық таза және ыңғайлы отынмен қамтылуы.

2024 жылдың соңына дейін тағы 45 елді мекенді газға қосу жоспарланып, қамту деңгейін 75,3 пайызға жеткізу көзделіп отыр. Облыста қазіргі уақытта 64 табиғи газ нысанының құрылысы жүргізілуде. Олардың ішінде 38 нысанның құрылысы биыл аяқталып, 34 елді мекенге газ жеткізіледі деп жоспарлануда. Нәтижесінде, облыс бойынша 597 елді мекен газдандырылып, өңірлік қамту 73,9 пайызға дейін өсетін болады.

Облыс көлеміндегі бұл оң динамикадан Сайрам ауданы да тыс қалған жоқ. Бүгінде ауданда 37 елді мекен табиғи газға қосылған. Жалпы Сайрам ауданын толық газдандыру мақсатында кезең-кезеңімен нақты жобалар жүзеге асып жатыр. Газ тартылмаған елді мекендерге табиғи газ жеткізу 2025 жылдың соңына дейін жоспарланған. Қазіргі таңда сол елді мекендер бойынша жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалып, құрылыс-монтаж жұмыстарының алғашқы кезеңі қолға алынған.

Газдандыру жұмыстары барысында техникалық немесе әкімшілік кедергілер тіркелмеген. Бұл – жобалаушы, мердігер, жергілікті әкімдік және коммуналдық қызметтердің өзара үйлесімді жұмысының нәтижесі. Сондай-ақ тұрғындардың газға қосылу рәсімдері барынша жеңілдетілген. Қазір азаматтар Egov.kz электронды үкімет порталы арқылы «QazaqGazAimaq» АҚ-ға онлайн өтінім жолдап, техникалық шарт алады. Құжаттарды рәсімдеу мерзімі – шамамен 1 ай, бұл бұрынғыдай ұзақ күту мен құжат тасымалдаудан арылтады. Қарапайым әрі цифрландырылған жүйе уақытты үнемдеп, ашықтықты қамтамасыз етіп отыр.

Әрине, газдандырудың тұрғындар үшін маңызы зор. Бұл – біріншіден, экологиялық жағынан таза отын көзі. Екіншіден, көмір тасу, отын жару сияқты күнделікті қиындықтардан арылтады. Үшіншіден, өрт қауіпсіздігі мен санитарлық жағдайлар жақсарады. Ең бастысы – ауыл тұрғындарына қаладағыдай тұрмыстық қолайлылық ұсынылады. Бұл дегеніміз – «Ауыл – ел бесігі» ұлттық идеясын нақты іске асыру.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында: «Ауылдың өркендеуі – бүкіл елдің дамуы», – деп атап өткен болатын. Президенттің ауыл халқының өмір сапасын арттыруға бағытталған тапсырмалары Түркістан облысында және оның ішінде Сайрам ауданында нақты жүзеге асып жатыр.

Сайрам ауданындағы газдандыру жұмыстары кешенді әрі нақты жоспарға негізделген. Аудан халқының үлкен бөлігі көгілдір отынға қол жеткізді, қалған елді мекендер келесі жылдың соңына дейін қамтылатын болады. Ал облыс көлемінде көрсеткіш жыл сайын жақсарып, бірнеше жылдың ішінде толық газдандыру деңгейіне жету көзделуде.

Previous Post

Ғаламтор кеңістігіндегі діни насихат

Next Post

Қаратай үлгісі: Сауранда экологиялық туризм дамиды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz