gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қаратай үлгісі: Сауранда экологиялық туризм дамиды

6 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қаратай үлгісі: Сауранда экологиялық туризм дамиды
Share on FacebookShare on Twitter

Сауран ауданы әлеуметтік-экономикалық әлеуетін арттыру бағытында тың жобаларды қолға алып, халықаралық деңгейдегі әріптестікке бет бұра бастады. Мұның жарқын мысалы ретінде Түркия Республикасының Қаратай ауданында өткен «Karatay Lavanta Günleri 2025» мерекесіне Сауран делегациясының қатысуын айтуға болады. Бұл сапар жай ғана мерекелік шараға қатысу емес, тәжірибе алмасу, экологиялық туризм мен ауыл шаруашылығын дамыту жолындағы маңызды қадам болды.

Қаратай – Түркияның Конья өңірінде орналасқан, ауыл шаруашылығы мен экологиялық туризм саласын қатар дамытып отырған аудан. Осыдан бірнеше жыл бұрын қоқыс алаңы ретінде пайдаланылған бос жатқан 340 гектар жер бүгінде көздің жауын алатын лаванда бақтарына айналған. Қаратай әкімдігі 2020 жылы алғаш рет лаванда көшеттерін отырғызып, аз ғана уақыт ішінде бұл аумақты өндіріс, туризм, мәдениет тоғысқан орталыққа айналдыра алды. Түркиядағы ең ірі біртұтас лаванда алқаптарының бірі ретінде танылған бұл жоба бүгінде жүздеген адамды жұмыспен қамтып отыр. Сонымен қатар, аймаққа туристер легі артып, жергілікті экономиканың өркендеуіне елеулі үлес қосуда.

Осы орайда, арнайы меморандум аясында Сауран ауданынан барған делегация мүшелері, атап айтар болсақ, аудан әкімінің кеңесшісі Мұхаммеджан Жұмадуллаев, аудандық мәслихат депутаты Хуршид Шарапов, “Жасыл Сауран” КМК директоры Нұржан Бадамбаев, Оранғай ауылдық округінің әкімі Берік Қуандық және бірқатар кәсіпкерлер Қаратайдың жетістіктерімен танысты. Делегация мүшелері лаванда гүлін егу, күтіп-баптау, өнімдерін өңдеу және нарыққа шығару технологиясын терең зерделеді. Эфир майы, сабын, косметикалық өнімдер, хош иісті су және тағы басқа да түрлі естелік бұйымдардың бәрі ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті табысты үйлестірудің нақты үлгісі ретінде ұсынылды.

Сапар соңында екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселесі талқыланып, Сауран ауданында да лаванда бақтарын өсіру бойынша пилоттық жобалар қолға алынатыны мәлім болды. Жергілікті климат пен топырақ ерекшеліктеріне бейімделген бұл жоба тек экономикалық емес, экологиялық тұрғыдан да ауданға пайда әкелетіні анық.

Айта кетейік, соңғы жылдары Сауран ауданы әлеуметтік-экологиялық даму бағытында бірқатар бастамаларымен көзге түсіп келеді. «Жасыл Сауран» коммуналдық мекемесі мен жергілікті билік бірлесіп, көгалдандыру, абаттандыру, санитарлық тазалықты қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыс атқаруда. Сонымен қатар, тарихи-мәдени ескерткіштерді сақтау, экотуризм әлеуетін арттыру, ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамыту бағытында нақты нәтижелер бар. Қарашық ауылдық округіндегі су тапшылығын шешу үшін құдық қазу жобасы, «Үкаша ата» кесенесінің маңын тазалау мен абаттандыру, жаңа су қоймаларының салынуы осының дәлелі.

Бүгінгі таңда Сауран табиғаты мен тарихы қатар өрілген өңір ретінде дамудың жаңа белесіне көтеріліп келеді. Түркияның Қаратай ауданынан үйренген тәжірибе экологиялық таза өнім өндіру, ауыл шаруашылығы мен туризмді ұштастыру арқылы өңірдің әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды бастама.

Қаратай Лаванда күндері тек гүлдер мерекесі емес, еңбекті, табиғатты және халықаралық достықты дәріптейтін ерекше алаң болды. Іс-шараға Сауран делегациясының қатысуы ауданның өсіп-өркендеуге деген ұмтылысын, ашық диалогқа дайын екенін көрсетеді. Алдағы уақытта лаванда бақтары Сауран даласына да жайқала өсіп, аудан экономикасына да, экологиясына да ерекше серпін беретініне сенім мол.

Previous Post

Сайрам ауданында газдандыру жұмыстары қарқын алды

Next Post

Қазығұрттаға әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz