gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазығұрттаға әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды

6 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қазығұрттаға әлеуметтік нысандардың құрылысы қадағаланды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев Қазығұрт ауданындағы әлеуметтік нысандардың құрылысын аралап көрді. Сапар барысында ол құрылыс жұмыстарының барысымен танысып, нысандардың қазіргі ахуалын тексерді.

Қызылдала мектебі 2009 жылы салынған және қазіргі уақытта реновациядан өтуде. Білім ұясында екі ауысымда 314 бала оқиды. Мектептің ағымдағы жөндеуі «Kemel Stroy Group» ЖШС мердігерлік ұйымы арқылы жүргізілуде. Мердігерлер мектептегі жөндеу жұмыстарын тамыз айының ортасына дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Атбұлақ мектебі 2007 жылы салынған және 660 орынға арналған. Бүгінде екі ауысымда 618 оқушы білім алуда. Мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары «NDS SERVICE» ЖШС мердігерлік ұйымы тарапынан атқарылуда. Жұмыс аяқталған соң, оқушылар жаңа оқу жылын жаңартылған мектепте бастайды.

Шарбұлақ ауылында жаңа 300 орындық мектептің құрылысы басталды. Биыл наурыз айында басталған құрылыс 2026 жылы толық аяқталып, жаңа білім ошағы пайдалануға беріледі. Қазіргі таңда құрылыс алаңында 30 жұмысшы еңбек етуде. Мердігер мекеме — «Ar Kua Group» ЖШС.

Ақбастау мектебі 1985 жылы ашылған. Осы уақытқа дейін үш ғимарат салыныпты. Оның бірінші ғимаратына 2013 жылы жөндеу жүргізілген, ал екінші және үшінші ғимараттарына толыққанды жөндеу жұмыстары қажет. Аталған жұмыстар жоспар бойынша жүргізіледі.

Сарапхана елді мекенінде инвестор қаражаты есебінен 500 орындық жаңа мектептің құрылыс жұмыстары басталды. Жыл соңына дейін мектептің құрылысы толық аяқталып, ауыл тұрғындары жаңа білім ордасына қол жеткізеді.

Қазығұрт ауданының Рабат ауылында 8300 тұрғыны бар орталық аурухана орналасқан. Ауруханада қазіргі таңда 54 қызметкер жұмыс істейді және жылына 500-ге жуық науқас қабылдайды. Ғимараттың шатырлары мен қасбеті жөндеуден өтуде. Аурухана бұрынғы қазандықты ауыстырып, жаңа қазандыққа қосылған. Қазіргі таңда аурухана ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.

Қаратас ауылдық емханасында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл нысан биыл ел игілігіне тапсырылады. Мердігер мекеме — «Радуга СН» ЖШС. Ал Ақбастау ауылында жаңадан салынып жатқан медициналық пункттің құрылысы 60%-ға аяқталды. Шатыры жабылып, ішкі қабырғалары сыланған. Құрылыс жұмыстары «Урба-Стандарт» ЖШС тарапынан жүргізілуде.

Құрылыс алаңдарында әрбір нысанның сапасы мен мерзімінде аяқталуы басты назарда болмақ. Облыс әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жұмысшылар санын көбейту және жергілікті азаматтарды тартуды ұсынды. Жұмысты уақтылы әрі жоғары сапада орындау үшін жауапты тұлғаларға ескерту жасалды. Сонымен қатар, мониторинг жұмыстары тұрақты жүргізіліп, құрылыс сапасы бақылауға алынады.

Құрылыс сапары Қазығұрт аудандық «Отбасын қолдау орталығы» КММ-мен қорытындыланды. Бұл орталық әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Мұнда тұрғындарға әлеуметтік, құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі. Орталықта 14 жатын орын, 2 қабылдау бөлмесі мен 6 жұмыс бөлмесі бар.

Қазығұрт ауданындағы әлеуметтік нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстары өңір тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған. Жоба аяқталғаннан кейін бұл нысандар тұрғындарға жоғары сапалы қызмет көрсететін болады.

Previous Post

Қаратай үлгісі: Сауранда экологиялық туризм дамиды

Next Post

Сайрам ауданында «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен сенбіліктер мен тазалық шараларына 113 864 адам қатысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz