gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда тазалыққа деген жауапкершілік күшейіп келеді

28 июля, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Түркістанда тазалыққа деген жауапкершілік күшейіп келеді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан қаласында санитарлық тазалық пен экологиялық мәдениетті арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соның жарқын мысалы – жуырда ұйымдастырылған жалпықалалық сенбілік. Шара «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында өтті. Бұл — тек маусымдық тазалық қана емес, тұрғындардың табиғатқа деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған игі қадам.

Сенбілікке Түркістан қаласына қарасты барлық дербес бөлімдер, 6 сектор, коммуналдық мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, сондай-ақ облыстық басқармалар мен департаменттердің қызметкерлері белсенді түрде қатысты. Жалпы саны 800-ге жуық азамат тазалық жұмыстарына жұмылдырылып, қоғамдық ортада экологиялық сана мен тәртіпті қалыптастыруға үлес қосты.

Ауқымды шара барысында 10 арнайы техника тартылып, тазалық жұмыстарының тиімді ұйымдастырылуына ықпал етті. Негізгі жұмыс Бекзат мөлтек ауданында жүргізілді. Мұнда жаяу жүргінші жолдары мен қоғамдық демалыс орындары сыпырылып, көгалды аймақтардағы арамшөптер шабылды. Сондай-ақ тұрмыстық қалдықтар жиналып, тиісті орындарға шығарылды. Нәтижесінде 25 тоннаға жуық қоқыс жиналып, аудан аумағы толық тазартылды.

Қоршаған ортаның тазалығы – тек мемлекеттік органдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екені белгілі. Осы тұрғыда қалалық сенбіліктердің тәрбиелік мәні де зор. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, өз ортаңды таза ұстау – әрбір азаматтың борышы. Бұл ретте Түркістан қаласы әкімдігі мен тиісті мекемелер осындай экологиялық акцияларды тұрақты ұйымдастырып келеді.

Айта кету керек, өңір экологиясын жақсартуға бағытталған бұл шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады. Қала әкімдігі табиғатты қорғау, абаттандыру және көгалдандыру бағытында тұрғындармен бірлесе отырып, жүйелі жұмыстар атқаруға ниетті. Себебі, таза қала – мәдениетті қоғамның көрсеткіші.

Previous Post

Келес ауданында «Таза Қазақстан» акциясы ауқымды және нәтижелі өтті

Next Post

Қазақстанның алтын қоры қанша жылға жетеді?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz