Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы Келес ауданында кең көлемде ұйымдастырылып, халықтың белсенді қатысуымен жүзеге асты. Президент өз сөзінде: «Таза және экологиялық таза орта – әрбір азаматтың, әрбір отбасының амандығы мен болашағының кепілі» деген болатын.
Аудан әкімдігі, ауылдық округ әкімдіктері, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет ұйымдары, қоғамдық бірлестіктер және жергілікті тұрғындар бұл маңызды акцияға жұмылып, 11 мыңнан астам адам мен 110 техника құралдары жұмылдырылды. Нәтижесінде аудан аумағынан 310 тонна қоқыс шығарылды.
Жалпы алғанда, 512 ішкі көше, 158 шақырым аяқ жол, 27 саябақ пен сквер, сондай-ақ 45 спорт және ойын алаңшасы тазартылып, абаттандырылды. Бұл – тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған айтарлықтай үлкен жұмыс.
Акцияның аясында 2025 жылдың көктемінде жоспарланған 25 300 түп ағаш толық отырғызылды, оның шығымдылығы 85 пайызды құрады. Сонымен қатар, «Үлгілі ауыл» жобасы аясында көшелерді көгалдандыру, арық-атыздарды тазалау, ирригациялық жүйелерді ретке келтіру, аялдамаларды сырлау сияқты маңызды жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар, Президент: «Біз жасыл экономикаға көшіп, қоршаған ортаны қорғау ісінде әрбір азаматтың жауапкершілігін арттыруымыз қажет. Табиғат – біздің ортақ үйіміз, оны таза және көркем ұстай білейік», – деген болатын. Келес ауданының тұрғындары мен қызметкерлері Президенттің бұл тапсырмасын жоғары деңгейде орындап, ауданның тазалығы мен экологиялық ахуалын жақсарту бағытындағы жұмыстарды одан әрі жалғастыруға ниетті.



