gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарыағаштағы өндірістік серпін: облыс әкімі жұмыс сапарымен ауданда болды

2 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сарыағаштағы өндірістік серпін: облыс әкімі жұмыс сапарымен ауданда болды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында индустрияландыру мен кәсіпкерлікті дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүзеге асуда. Әсіресе, Сарыағаш ауданында өнеркәсіп өндірісі мен шағын және орта бизнестің дамуы қарқын ала бастады. Осыған орай облыс әкімі Нұралхан Көшеров Сарыағаш ауданына арнайы іссапармен барып, бірқатар өндірістік және инфрақұрылымдық нысандарды аралап, жұмыс барысымен танысты.

Сапар барысында аймақ басшысы алдымен пластик профиль өнімдерін шығаратын ЖК «Ерғали» өндіріс орнына барды. 2017 жылы іске қосылған бұл цехта есік-терезеге арналған пластик профильдер мен өзге де құрылысқа қажетті өнімдер өндіріледі. Зауыт өнімі тек ішкі нарыққа ғана емес, Қырғызстан мен Тәжікстанға да экспортталуда. Кәсіпорын заманауи қондырғылармен жабдықталған, техникалар Италия мен Ресейден жеткізілген.

Кәсіпкерлік нысан басында өндіріс процесімен танысқан Нұралхан Көшеров кәсіп иесінің кәсібін кеңейтуге ниетті екенін қолдап, бұл бағытта мемлекет тарапынан тиісті қолдау көрсетілетінін айтты. Облыс әкімі өндірістік әлеуеті жоғары кәсіпорындардың өңірлік экономикадағы үлесі артып келе жатқанын атап өтіп, кәсіпкерлік саласын одан әрі дамыту бойынша нақты тапсырмалар берді.

Сапар Жібек жолы елді мекенінде орналасқан «Бесқара» ЖШС-нің мал сою кешенінде жалғасты. 2025 жылы пайдалануға берілген жаңа кешен тәулігіне 128 ірі қара және 600 уақ малды союға қауқарлы. Мұнда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ет өңдеу процесі санитарлық талаптарға сай ұйымдастырылған, өнімдер «Нәрлен» ет өңдеу кешеніне және еліміздің өзге өңірлеріне жөнелтіледі. Сонымен қатар, дайын өнім Өзбекстанға да экспортталады.

Облыс әкімі бұл нысанның ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлікке серпін беретінін атап өтіп, мал шаруашылығындағы осындай жобалардың санын арттыру қажеттігін айтты.

Сарыағаштағы жұмыс сапары «Сарыағаш ТСЖ» су тазарту және дайындау кешенінде жалғасты. Аумағы 5,2 гектарды құрайтын нысан Сарыағаш және Келес аудандарындағы 25 елді мекенді (24 548 абонент) сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді. Мұнда 15 дана су сорғы, 2 таза су қоймасы және химия-бактериологиялық зертхана жұмыс істейді. Су тазарту үдерісі заманауи технологиямен жабдықталған, ал тәуліктік өнімділік көлемі – 14 500 текше метр.

Жалпы ауданда 16 насос станциясы, 42 таза су қоймасы және 14 қысымды су мұнарасы қызмет көрсетуде. Нысан басында облыс басшысы ауыз сумен қамту бойынша нақты жоспарларды талқылап, бұл бағыттағы жұмыстарды сапалы әрі мерзімінде орындауды тиісті сала мамандарына тапсырды.

Облыс әкімі Нұралхан Оралбайұлының айтуынша, тұрғындарды таза ауыз сумен қамту – өңірлік саясаттағы басты басымдықтардың бірі. Бұл бағытта қолға алынған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, халықтың өмір сүру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Жалпы алғанда, Сарыағаш ауданында кәсіпкерлік, өнеркәсіп және инфрақұрылым саласында оң өзгерістер байқалуда. Облыс әкімінің сапары осы серпінді сақтап, одан әрі дамытуға негіз болары сөзсіз.

Previous Post

Ұлттық экономика вице-министрі Түркістан облысы, Түлкібас ауданында жүзеге асырылып жатқан маңызды жобалармен танысты

Next Post

Қазығұрттың әлеуеті жоғары: облыс әкімі жұмыс сапарымен ауданда болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz