gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазығұрттың әлеуеті жоғары: облыс әкімі жұмыс сапарымен ауданда болды

2 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Қазығұрттың әлеуеті жоғары: облыс әкімі жұмыс сапарымен ауданда болды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Қазығұрт ауданына жұмыс сапарымен барып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелеріне арналған мәжіліс өткізді. Кездесу барысында ауданның қазіргі даму қарқыны мен алдағы жоспарлары сараланып, нақты тапсырмалар берілді.

Облыс басшысы өз сөзінде Қазығұрт ауданының географиялық орналасуы айрықша артықшылық екенін атап өтті. Бұл өңірде өндіріс, сауда-саттық пен ауыл шаруашылығын өркендетуге мүмкіндік мол екенін жеткізді.

– Қазығұрт ауданының орналасқан орны экономиканы, сауданы, өндірісті дамытуға өте қолайлы. Мұнда түрлі салада жаңа жобалар жүзеге асып, тіршілік қайнап жатуы керек. Ауданның әлеуеті жоғары. Өздеріңіз баяндаған инвестициялық жобаларды сапалы әрі уақтылы жүзеге асырыңыздар. Бұған жергілікті әкімдер, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары бірлесе үлес қосулары керек, – деді Нұралхан Оралбайұлы.

Мәжілісте Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов ауданның ағымдағы жағдайы мен даму көрсеткіштері бойынша баяндама жасап, негізгі салалардағы жұмыстарға тоқталды. Сондай-ақ облыстық басқарма басшыларының ұсыныстары мен пікірлері тыңдалып, нақты бағыттар айқындалды.

Биылғы жартыжылдық қорытындысы бойынша Қазығұрт ауданының жалпы өңірлік өнімі 54,6 млрд теңгені құрады. Өнеркәсіп саласындағы өсім де назар аударарлық. 2024 жылы нақты көлем индексі 110,2 пайызды құраса, 2025 жылдың алғашқы алты айында бұл көрсеткіш 119,5 пайызға жеткен.

Кездесуде өңірдегі инвестициялық ахуалға ерекше назар аударылды. Аудан аумағында 2025–2026 жылдар аралығында жалпы құны 21,1 млрд теңгені құрайтын 24 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Аталған жобалар аясында 749 жаңа жұмыс орны ашылмақ. Оның ішінде 2025 жылы 18 жоба іске қосылып, 299 адам тұрақты жұмыспен қамтылуы тиіс. Ал 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығында 6 жоба жүзеге асып, 70 жаңа жұмыс орны ашылғаны мәлім болды.

Ауданның өндірістік әлеуетін арттыратын маңызды бастамалардың бірі – «Тұрбат» агроиндустриалды аймағының құрылуы. Бұл аймақ ауыл шаруашылығын өңдеуге, логистика мен сақтауға арналған инфрақұрылымды қамтып, өңірдің агроэкономикасын жаңа деңгейге көтеруге ықпал етпек.

Облыс әкімі мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асыру, инвестиция тарту және жаңа жұмыс орындарын көбейту бағытында бірлесіп әрекет етудің маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз ету, тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мен инфрақұрылымдық жобаларды сапалы әрі мерзімінде аяқтау міндеттерін жүктеді.

Қорыта айтқанда, Қазығұрт ауданының даму қарқыны тұрақты. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, инвестиция және инфрақұрылым салаларындағы оң өзгерістер аймақтың әлеуетін айқындап отыр. Облыс әкімінің жұмыс сапары осы бағыттағы жұмыстарға серпін беріп, алдағы міндеттерді нақтылауға мүмкіндік жасады.

Previous Post

Сарыағаштағы өндірістік серпін: облыс әкімі жұмыс сапарымен ауданда болды

Next Post

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі тұрғындармен кездесті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz