gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі тұрғындармен кездесті

3 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі тұрғындармен кездесті
Share on FacebookShare on Twitter
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұлов Түркістан облысына арнайы іссапармен келіп, ғылым және жоғары білім саласын дамыту мәселелері бойынша облыс тұрғындарымен кездесті. Кездесуді облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев жүргізді.
Халықаралық туризм және меймандостық университетінде өткен кездесу барысында еліміздегі жоғары білім мен ғылымның жаңа басымдықтары, министрліктің атқарып жатқан жұмыстары және өңірдің ғылыми-білім беру әлеуеті туралы сөз қозғалды. Нақтырақ айтқанда, ҚР жоғары білім және ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына ерекше назар аударылды, сондай-ақ жоғары білім беру, жасанды интеллект және цифрлық білім, AI-SANA жобасы, инфрақұрылым мен жастарды қолдау, ғылыми жобаларды қаржыландыру және өзге де өзекті мәселелер ортаға салынды.
– Түркістан – рухани әрі ғылыми-экономикалық даму орталығы. Өңір дамуының маңызды қадамы туризм саласына мамандар даярлайтын университеттің ашылуы болды. Сонымен қатар Түркістанда Оңтүстік Кореяның Вусонг университетінің филиалы ашылды, бұл өңірдің халықаралық білім беру ынтымақтастығы үшін қызығушылығының артып келе жатқандығын көрсетеді. Аймақта жастар ғылымын қолдау, студенттер үшін қолайлы жағдай жасау, жаңа жатақханалар салу және оқу процесін цифрландыру бойынша бірқатар бағдарламалар іске асырылып келеді, – деді Талғат Ешенқұлов.
Жиынға Түркістан облысының ардагерлері, зиялы қауым, ғалымдар, түрлі сала қызметкерлері, белсенді жастар және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Бұл кездесу – халықпен тікелей диалог орнату мен жоғары білім саласын дамытуға бағытталған нақты қадамдардың бірі болды.
Айта кетейік, кездесу барысындағы белсенді сұхбаттасудан бөлек, вице-министр азаматтарға жеке қабылдау жүргізіп, тұрғындардың жеке өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
Previous Post

Қазығұрттың әлеуеті жоғары: облыс әкімі жұмыс сапарымен ауданда болды

Next Post

Мақтааралда экологиялық сенбілік өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz