gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мақтааралда экологиялық сенбілік өтті

3 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Мақтааралда экологиялық сенбілік өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Елімізде бастау алған «Таза Қазақстан» кең ауқымды экологиялық акциясы Түркістан облысында да жүйелі түрде жүзеге асып келеді. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаны ластанудан арылту және экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған бұл игі бастама аясында өңірдің барлық аудан-қалаларында тазалық жұмыстары қарқын алған. Соның жарқын бір дәлелі – Мақтаарал ауданында өткізілген кезекті сенбілік болды.

Аталған шараға аудан көлеміндегі мемлекеттік және бюджеттік мекемелердің қызметкерлері, ауыл әкімдіктерінің ұжымы, білім және денсаулық сақтау саласының өкілдері, сондай-ақ ерікті жастар мен ауыл тұрғындары белсене атсалысты. Жалпы саны 3200-ге жуық адамды қамтыған сенбілік жоғары ұйымдастырушылықпен өтті. Жұмысқа 18 дана арнайы техника жұмылдырылып, сенбілік барысында аудан аумағының тазалығы мен көркіне мән берілді.

Экологиялық шара кезінде республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автокөлік жолдарының бойында орналасқан 67,8 шақырым аумақ қоқыстан аршылып, жол жиегіндегі шөптер орылды. Сонымен қатар, бейберекет төгілген тұрмыстық қалдықтар жиналып, арнайы техникалар көмегімен аудан аумағындағы қоқыс полигонына шығарылды. Жалпы, сенбілік барысында 30 тоннаға жуық қатты тұрмыстық қалдық тазаланып, елді мекендердің тазалығы мен санитарлық жағдайына оң ықпалын тигізді.

Бұл – бір күндік шара емес. Аудан әкімдігі тарапынан «Таза Қазақстан» акциясына орай арнайы жоспар түзіліп, әр апта сайын елді мекендердің тазалығын сақтау мен тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, мектептерде экосабақтар, тазалық тақырыбында ашық іс-шаралар мен дәрістер, ауыл тұрғындарына арналған түсіндіру жұмыстары жүйелі жолға қойылған.

Сенбілік аясында көгалдандыру жұмыстарына да баса назар аударылды. Аудан орталығы мен ауылдық округтердегі саябақтар мен жасыл аймақтарда орналасқан ағаш көшеттеріне күтім жасалып, суару жұмыстары жүргізілді. Ауыл тұрғындарының күшімен санитарлық күтім шаралары ұйымдастырылып, табиғи ландшафты сақтау бағытында нақты қадамдар жасалды. Бұл жұмыстар әсіресе жастардың белсенділігімен ерекшеленді.

Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі мен экология саласына жауапты бөлімдер тарапынан тазалық жұмыстарының сапалы әрі жүйелі жүргізілуі қатаң бақылауда ұсталды. Сонымен қатар, сенбілікке қатысқан еріктілер мен жастар ұйымдары ауыл тұрғындарына экологиялық тәртіп пен табиғатты аялаудың маңызы туралы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

Мақтаарал ауданы әкімдігінің мәлімдеуінше, мұндай ауқымды сенбіліктер алдағы уақытта да жалғасын таппақ. «Таза Қазақстан» акциясы – тек қоқыс жинау емес, бұл – экологиялық сананы қалыптастырудың және келер ұрпаққа табиғатты таза күйінде аманаттаудың бірден-бір жолы. Сондықтан жергілікті тұрғындардан бастап мекеме қызметкерлеріне дейін бұл бастамаға бейжай қарамай, бір кісідей атсалысуы аса маңызды.

Қоршаған ортаның жай-күйі – әр азаматтың өмір сапасына тікелей әсер ететіні белгілі. Осы орайда табиғатты аялау, жасыл желекті көбейту, санитарлық тазалықты сақтау – бүгінгі күннің өзекті міндеттерінің бірі. Мақтааралдықтардың бұл бағыттағы бірлескен еңбегі – көпке үлгі.

Previous Post

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі тұрғындармен кездесті

Next Post

Төлебидегі демалыс аймақтарында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz