gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Төлебидегі демалыс аймақтарында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

3 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Төлебидегі демалыс аймақтарында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында экологиялық ахуалды жақсарту, табиғи аймақтардың тазалығын сақтау және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Осы бағытта Төлеби ауданында облыс әкімдігі бекіткен іс-шаралар жоспарына сәйкес кең ауқымды экологиялық сенбілік ұйымдастырылды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – туризм аймақтарындағы санитарлық жағдайды жақсарту, табиғи нысандарды қоқыстан тазарту және тұрғындар мен демалушылардың экологиялық жауапкершілігін арттыру. Аталған сенбілікке Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев жетекшілік етті. Ұйымдастырушылардың үйлестіруімен мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, аудан тұрғындары, жастар ұйымдары мен еріктілер жұмылдырылып, табиғатты тазартуға атсалысты.

Сенбілік Қасқасу аумағы, Сайрамсу өзені бойы, Біркөлік, Ақмешіт және Тұрбаза сынды өңірдегі ең танымал демалыс аймақтарында өткізілді. Бұл жерлер – жаз мезгілінде табиғат аясында тынығуды қалайтын мыңдаған демалушының тұрақты мекені. Сондықтан да мұндай аймақтарда тазалық сақтау – басты міндеттердің бірі.

Экологиялық шара аясында тазалық жұмыстары жүйелі түрде жүргізілді. Демалушылар мен тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстау, қоқысты бейберекет тастамау, табиғатты аялау туралы түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып, арнайы үнпарақтар таратылды. Сонымен қатар, 400 дана қоқыс салатын қаптар тегін ұсынылып, жиналған қалдықтардың арнайы орындарға жеткізілуіне жағдай жасалды.

Нәтижесінде, сенбілікке 1900-ге жуық адам қатысып, 15 дана арнайы техника жұмылдырылды. Тазалық жұмыстарының қорытындысы бойынша жалпы көлемі 37 тонна тұрмыстық және құрылыс қалдықтары шығарылды. Бұл қалдықтар арнайы қоқыс полигондарына тасымалданып, экологиялық қауіпсіздік талаптарына сай жойылды.

Жалпы алғанда, 2025 жылдың басынан бері Төлеби ауданында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Бүгінге дейін тазалық іс-шараларына 501 мекемеден 59 867 адам қатысқан. Бұл жұмыстарға 178 техника тартылып, облыстық маңызы бар 501 шақырым, аудандық маңызы бар 757 шақырым жол бойы, 152 шақырым ирригациялық жүйелер, 98 шақырым өзен мен каналдар тазартылған. Сонымен қатар, қураған ағаштар кесіліп, олардың орнына жаңа көшеттер отырғызылды. 17 саябақ, 15 аллея, 19 спорт алаңы толықтай санитарлық тазартудан өтті. Жыл басынан бері аудан көлемінен шығарылған қоқыс көлемі – 995 тонна.

Аталған шаралар қоршаған ортаның тазалығын сақтау, табиғи ресурстарды ұқыпты пайдалану және экологиялық мәдениетті қалыптастыру бағытында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстардың айғағы. Мұндай сенбіліктер бір реттік акция емес, керісінше, тұрақты түрде жалғасын табатын маңызды бастамаға айналып отыр.

Төлеби ауданы – табиғат байлығы мен көркем жерлерге бай өңір. Мұнда ішкі туризм белсенді дамып келеді. Туристер мен жергілікті тұрғындардың тарапынан демалыс орындарына деген қызығушылық артқан сайын, олардың санитарлық жағдайына да жоғары жауапкершілікпен қарау қажет. Осы ретте аудан әкімдігі тарапынан тұрақты түрде бақылау жүргізіліп, қажетті ұйымдастыру жұмыстары қолға алынып отыр.

«Таза Қазақстан» акциясы – табиғатты аялау, туған жерге жанашырлық таныту, елдің экологиялық қауіпсіздігін сақтау сынды маңызды ұстанымдарға негізделген. Сондықтан әрбір азамат осындай игі бастамаларға белсене қатысып, туған өлкенің тазалығына үлес қосуы тиіс. Себебі, таза қоршаған орта – ұрпаққа қалатын баға жетпес байлық.

Previous Post

Мақтааралда экологиялық сенбілік өтті

Next Post

Сауран ауданында электр инфрақұрылымы жаңарып, қуат көздері қолжетімді бола түсті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz