gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сауран ауданында электр инфрақұрылымы жаңарып, қуат көздері қолжетімді бола түсті

3 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Сауран ауданында электр инфрақұрылымы жаңарып, қуат көздері қолжетімді бола түсті
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысы құрылғалы бері өңірдегі елді мекендердің инфрақұрылымын жаңғырту бағытында ауқымды жобалар жүзеге асуда. Бұған дейін жылдар бойы шешімін таппай келген «сақалды құрылыстар» мен тозығы жеткен желілер жаңарып, шалғай ауылдар жарықпен қамтылуда.

Бүгінгі таңда Түркістан облысы бойынша электр энергиясына жалпы қажеттілік көлемі 320 мегаватты құрайды. Оның 80%-ы сыртқы көздерден тасымалданатын болса да, елді мекендердің 98%-ы орталықтандырылған электр желісіне қосылған. Қалған 16 ауылдың шалғайда орналасуына байланысты олар өзге де балама қуат көздерін,яғни күн панельдері мен дизельді генераторларды қолдануда. 2024 жылға дейін 44 елді мекен сапалы электр қуатымен қамтамасыз етілсе, биыл қосымша 93 ауылды электр желісімен қамту жоспарланған.

Осы жалпы үрдістің ішінде Сауран ауданы да көштен қалмай, өз деңгейінде ауқымды жұмыстарды қолға алды. Ауданның энергетикалық әлеуетін арттыру, халықты үздіксіз әрі сапалы электр қуатымен қамтамасыз ету бағытында жүйелі жоспарлар жүзеге асырылып келеді. Атап айтқанда, 2024 жылы аудан бойынша жергілікті бюджет есебінен 56 дана трансформатор жаңартылды. Сонымен қатар, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан 17 шақырым электр желілері ауыстырылып, 4 дана трансформатор орнатылды. Бұл жұмыстар ауылдардағы электр жүйесінің тозуын азайтып, сапалы қуат көзін қамтамасыз етуге зор ықпал етті.

Ағымдағы жылы да бұл бағыттағы жұмыс қарқын алуды. Бүгінгі таңда Ибата, Бостандық, Абай елді мекендерінде электр желілерінің құрылысы басталды. Биылғы жоспарға сәйкес, аудан аумағында бюджет қаржысы есебінен қосымша 12 трансформатор орнату көзделген. Бұған қоса, «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-і тарапынан тағы 5 трансформатор орнатылып, 13 шақырым электр желілері жаңартылатын болады.

Аудан тұрғындарының өсіп келе жатқан сұранысын қамтамасыз ету мақсатында, жаңадан қоныстанған елді мекендерді де сапалы қуатпен қамту жоспары басты назарда тұр. Осыған орай, жалпы құны 12,6 миллиард теңге болатын 26 жоба әзірленіп, салалық басқармаға бюджеттік өтінім ұсынылды. Бұл жобалар жүзеге асса, тек тұрғын үйлер ғана емес, өндірістік нысандар, шағын кәсіпкерлік және әлеуметтік мекемелер де сапалы энергиямен толық қамтылмақ.

Сауран ауданында электр энергиясына деген сұраныс жыл санап артып келеді. Бұл – халық санының артуымен қатар, шағын және орта бизнестің дамуына байланысты. Осы қажеттілікті толық өтеу мақсатында «Бекзат-2» қосалқы станциясының құрылысы қолға алынбақ. Аталмыш жоба үшін арнайы 5 гектар жер телімі бөлініп, құрылыс жұмыстарының бастамасы жасалды. Аталған қосалқы станция іске қосылған соң, ауданның энергетикалық қауіпсіздігі артып, тұтынушыларға сапалы әрі тұрақты қуат жеткізу мүмкіндігі күшейеді.

Аудан көлемінде ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлік нысандарын қолдауға бағытталған жұмыстар да жүргізілуде. Бабайқорған, Үшқайық және Иассы ауылдық округтерінде орналасқан өндірістік, балық шаруашылығы және мал бордақылау алаңдарына электр бағаналары орнатылып, қуат көздері жеткізілді. Бұл өз кезегінде ауыл шаруашылығы бағытында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге үлкен қолдау болып отыр. Жарық тартылған соң, бұл нысандарда жаңа жұмыс орындары ашылып, өндірістік көлем кеңеюде.

Жалпы алғанда, Түркістан облысы құрылғалы бері өңірдің әрбір түкпірінде нақты тіршілік, нақты даму бар екенін көзбен көруге болады. Әрбір іске жауапкершілікпен қарап, әрбір жобаны тиімді іске асыру өңір басшылығы мен сала мамандарының басты мақсатына айнаалған. Сауран ауданының даму қарқыны осы бағыттағы жұмыстардың нақты нәтижесін көрсетеді. Ауыз су, жарық, жол секілді халыққа ең қажетті мәселелер кезең-кезеңімен шешімін тауып келеді.

Previous Post

Төлебидегі демалыс аймақтарында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды

Next Post

Түркістандық әлем чемпионы туған жерге оралды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz