gazetakentau
Кентау Gismeteo

ҚАЗ РУС

  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
  • Қоғам
  • Заң
  • Билік
  • Білім
  • Мәдениет
  • Дерекқор
  • Спорт
  • Таным
  • Сұхбат
  • Анықтама
No Result
View All Result
gazetakentau
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Аустралияда соңғы 40 жылдағы ең қалың қар жауды

4 августа, 2025
in Жаңалықтар, Қоғам
0
Аустралияда соңғы 40 жылдағы ең қалың қар жауды
Share on FacebookShare on Twitter

KAZINFORM — Сенбі күні Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында 40 сантиметрге дейін қар жауып, 1980 жылдардың ортасынан бергі рекордты жаңартты, деп хабарлады Аустралия метерология бюросы қызметкері Мириам Брэдбери.

Елдің метеорология бюросы Аустралияның көптеген қаласында соңғы онжылдықтардағы ең қалың қар жауып тұрғанын айтты. Квинсленд штатының кейбір ауданында онжылдықта алғашқы қар жауды.

ВВС аустралиялықтардың қарда ойнап, аяз ата жасағаны бейнеленген видео жариялады. Бір ер адам журналиске «өмірінде қарды бірінші рет көріп тұрғанын» айтты.

Қар жай ғана қуаныш келтірмеді. Демалыс күндері Жаңа Оңтүстік Уэльстің кейбір бөліктерінде қалың қар мен жаңбыр 1455 оқиғаға себеп болды. Төтенше қызметтер 100-ден астам көліктің қар құрсауында қалып қойғанын, боран ғимараттарды бүлдіріп, кейбір аудандарда ірі су тасқыны болғанын хабарлады. Ондаған үй жарықсыз қалды. Полиция су тасқыны ағып кеткен 26 жастағы әйелді іздеп жатқанын айтты.

Жаңа Оңтүстік Уэльс — Аустралиядағы халқы ең көп штат. Сидней осы штатта орналасқан.

Жаһандық климаттың өзгеруі соңғы жылдары Аустралияның ауа райын тұрақсыз етті. Дегенмен құрлыққа бұрын да қалың қар жауған.

 

Previous Post

Түркістандық әлем чемпионы туған жерге оралды

Next Post

Арыс қаласындағы Жиделі ауылына табиғи газ жеткізілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

        E-mail:gazetakentau@mail.ru
Қабылдау бөлімі: тел:+7 776 666 5218

Сайт әкімшілігі материалды көшіріп басу кезінде kentauinfo.kz сайтына тікелей гиперсілтеме көрсетуді талап етеді

Біз әлеуметтік желіде

No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік

Кентау газеті gazeta-kentau.kz